«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық компаниялар мен отандық тауар өндірушілер арасында 800-дей келісім жасалды - ИЖТМ

2014 жылғы 10 Сәуір
4232 просмотров

Ұлттық компаниялар мен отандық тауар өндірушілер арасында 800-ден астам ұзақмерзімді келісім жасалды. Бұл туралы бүгін V «Қазақстандық өнім жасаймыз!» форумы барысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Жергілікті қамтуды дамыту бойынша алдағы міндеттерді Үкімет еліміздің бірыңғай экономикалық кеңістік пен Дүниежүзілік сауда ұйымына өтуі жағдайында қарастырады. Отандық өнеркәсіпті дамытып, жергілікті өндірушілердің бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін өтпелі кезең аясында уақытты барынша пайдалану қажет. Отандық өндірісті дамыту тек мемлекеттік қолдау есебінен ғана ынталандырылмауы керек. Отандық тауар өндірушілер жергілікті қамтуды дамытуға ықпал ете алатын ірі жер қойнауын пайдаланушылар мен жұйе құраушы кәсіпорындармен тығыз қарым-қатынас орнатуы тиіс», - деді Б.Атамқұлов. 

Оның айтуынша, ірі жер қойнауын пайдаланушылар мен жүйе құраушы кәсіпорындар сұранысқа ие тауарлар өндірісін дамыту бойынша жасалып жатқан жұмысты күшейту жоспарланып отыр. 

«Бұл жұмыстың нәтижесінде олардың жанынан кластерлік өндірістер қанат жаяды. «Қазақмыс» корпорациясының осы бағытта жүйелі жұмыс атқарып жатқанын атап өткен жөн», - деді ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер