Қостанай облысының 75 мектебінде «Кәсіпкерлік негіздері» пәні оқытылады
Мектеп бағдарламасына енгізілген жаңа элективті пән 10-11 сынып оқушыларына арналған
Бұдан бөлек кәсіпкерлік негіздерін Қостанай облысы мемлекеттік колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері де оқитын болады
«Бағдарламаны «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әзірлеп, оны ҚР Білім және ғылым министрлігі бекітті. 19-29 тамыз аралығында Қостанайда мұғалімдерді дайындау курстары өтеді. Курсқа 75 мектеп мұғалімі, колледждердің 39 оқытушысы және жоғары оқу орындарынан 31 оқытушы катысады», – деді Қостанай облысы ӨКП сарапшысы Гүлия Сексенбаева.
Естеріңізге салсақ, былтыр жаңа пән пилоттық режимде Рудный қаласының №3 мектебінде іске асырылыған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: