Алматылық компанияға негізсіз салынған 250 млн теңгеде жуық салық алынып тасталды
Жыл бойына алматылық компанияны салық қызметкерлері тексерген, ал қорытындысы бойынша компанияға жалпы сомасы 243 519 776 теңгені құрайтын өсімпұлмен бірге корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын қосымша есептеу туралы хабарлама жіберген, және бұл мемлекеттік баж сомасы мен сот шығындарын есепке алмағанда. Осы орайда, Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкердің мүддесін қорғап қалды.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жыл бойына ЖШС-ның 2013 жылға салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің дұрыс есептелуі және уақытылы төленуі мәселесі бойынша құжаттық салықтық тексеру жүргізді. Тексеріс нәтижесі бойынша Департамент кәсіпкерге мемлекеттік баж сомасы мен сот шығындарын есептемегенде, жалпы сомасы 243 519 776 теңгені құрайтын өсімпұлмен бірге корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын қосымша есептеу туралы хабарламаны жіберген.
Салық барысындағы соманы төлеуге келіспейтіндігін жеткізген кәсіпкер Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасына келіп жүгінді, бірден олар сол жердің заңгерлерімен бірлесіп – сотқа жүгінді.
Азаматтық істі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қарау кезінде кәсіпкер мүддесін Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Айтуар Қошмамбетов қорғап шықты.
«Мамыр айының ортасында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты, салық органының салықтық тексеру актісінің жобасына ЖШС-нің жазбаша қарсылықтарын қарау тәртібін бұзу бойынша әрекетін заңсыз деп тану жөніндегі арызды қанағаттандырып, бюджеттен ЖШС-нің пайдасына 12 625 теңге қайтаруға қаулы етті, талаптың қалған бөлігінде бас тартылды, арыз беруші апелляциялық шағым берді», – деп мәлімдеді ол.
Тамыз айында Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының отырысы өтті, оған кәсіпкер тарапынан Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Юрий Тілеумұратов пен Палатаның кәсіпкерлер құқығын қорғау бөлімінің сарапшысы Роза Абуова қатысып, сөз сөйледі.
«Біз соттан салық органының тексеру жүргізу мерзімінен асып кеткеніне – жалпы алғанда ол 204 жұмыс күні өткеніне, тоқтата тұру кезеңі мерзімінде енгізілгеніне назар аударуды өтіндік. Сондай-ақ талап қою мерзіміде бұзылды, ол туралы бірінші өткен сотқа айтылды. Сонымен қатар, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қолдануға жататын заңды қолданбаған, қосарланған салық салуға жол берген салық органының есептелуін тану кезінде заң нормаларын дұрыс түсіндірмеген, сондай-ақ басқа да бұзушылықтарға жол берген», – деп атап өтті Роза Абуова.
Нәтижесінде Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы істі толығымен шешіп, заңды және әділ шешім қабылдады – өз қаулысымен ол мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімін өзгерттп, арызды қанағаттандырудан бас тарту бөлігіндегі арызды жойып, осы бөлікте ЖШС-нің талаптарын қанағаттандыру туралы жаңа шешімін қабылдады. Салық органының әрекеті және тексеру нәтижелері туралы хабарлама заңсыз деп танылып, қосымша есептеу туралы хабарлама жойылды.
«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы жұмыс істеген жылдары, еліміздің бизнесмендерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша 27000-нан астам өтініш келіп түсті. Оның 40% – дан астам мәселесі оң шешімін тапты.
«Атамекеннің» қолдауының арқасында Қазақстан кәсіпкерлері 133,6 млрд теңге үнемдеді. Бұл жойылғандардың қатарында айыппұлдар, өсімақылар, қосымша есептеулер, алдын-ала мүліктік шығындары.
Заңнамаға өзгерістер енгізуді талап ететін жүйелік мәселелер – мәселелердің республикалық тізіліміне енгізіледі. Онда 600 – ден астам сұрақ, оның 428 – і толығымен шешілді, 123 мәселе-шешу сатысында.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: