«Шымкент қаласының инвестициялық тартымдылығы» – инвесторлар үшін өңірмен танысудың терезесі
Өңірлік кәсіпкерлер палатасы инвесторларға арналған журнал-нұсқаулықты басып шығарды
«Шымкент қаласының инвестициялық тартымдылығы» талдамалық журнал ел ауқымындағы үшінші қаланың инвестициялық ахуалының жағдай туралы, өңірдің бәсекелік артықшылықтары және инвестициялау үшін анағұрлым келешекті бағыттар жайында өзекті ақпараттан тұрады.
«Инвестициялық жобаны жүзеге асыру жолында әр инвестор өңірдің экономикалық мүмкіндіктері, бизнес ашуда қажетті жекелеген процедуралар, атқарушы билік органдарымен әрекеттесу сценариі және мемлекеттік қолдау шараларын, мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі жайында көп ақпаратпен танысу керек. Инвесторлардың уақыты мен күш-жігерін үнемдеу мақсатында біз ақпарат ауқымын журналға біріктірдік», – деді Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қәбіштаев.
Журналда Шымкент қаласы және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық ресурстары, кәсіпкерліктің даму деңгейі, өңірдің көліктік және сауда әлеуеті, бизнесті жүргізуде нормативті-құқықтық базаның негіздері көрсетілген. Бұдан бөлек, қолданыстағы салық режимдері және кәсіпкерлерге арналған жеңілдіктер, инвестиицялық жеңілдіктер алгоритмі және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың мүмкін болар тәуекелдері туралы толық ақпарат қамтылған.
Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қәбіштаевтің айтуынша, қазіргі таңда Шымкент миллион тұрғынымен саяси және экономикалық өзгерістерді өткеруде.
«Миллион тұрғыны бар шаһар мәртебесін Шымкент қаласы былтыр алды – бұл инвесторлар үшін мында жобаларды жүзеге асыруға қажетті экономикалық және адами ресурстар бары туралы сигнал, өйткені ірі компаниялардың бизнес-стратегияларі ірі қалаларға бағдарланған. «Шымкент қаласының инвестициялық тартымдылығы» журналы бұл инвесторлар үшін өңірге саяхаттаудың терезесі және өңірдің тартымды образын қалыптастыруда тағы бір маңызды деталь», – деп атап өтті Нұрлан Қәбіштаев.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: