«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» айырбастау пунктері мәселелеріне қатысты пікірлер мен ұсыныстарды жинайды

2019 жылғы 07 Тамыз
7880 просмотров

Қазақстанда қолма-қол шетелдік валютамен жүргізілетін айырбастау операцияларды ұйымдастыру мәселесі «Атамекен» аланында қаралмақ

 6 тамызда «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының жобасы (ары қарай – Жоба) келіп түсті.

Жоба келесі түзетулерді көздейді:

  1. Уәкілетті ұйымдарға (айырбастау пунктері) жарғылық капиталды   100 000 000 теңгеге дейін ұлғайтуы керек. Қолданыстағы редакцияға сәйкес республикалық маңызы бар қалалардағы айырбастау пунктері үшін 30 млн теңге, қалалық айырбас пінктері үшін – 20 млн теңге және өңірлік айырбастау пунктері үшін 10 млн теңгеге дейін ұлғайту міндеттеледі.
  2. Айырбастау пунктері өздерінің банк шоттарында теңгеде немесе шетелдік валютада жарғылық капитал (қосымша қор) сомасынан 20% мөлшерде ақшаның болуын қамтамасыз етуі керек.  
  3. Кез келген соманы айырбастау кезінде клиенттер жеке куәлік деректері, ЖСН және тұрғылықты жер туралы деректерді берулері шарт (бүгінде аталған талап 500 мың теңгеден астам мәмілелер үшін қолданылады).
  4. Айырбастау пунктерінің жұмыс істеу уақыты 10:00-ден 19:00-ге дейін өзгеруі. Қазіргі таңда айырбастау пунктінің жұмыс істеу уақытын иесі өзі белгілейді.

 Жоғарыда аталған өзгерістер шағын және орта бизнестің көптеген субъектілерінің мүдделеріне әсер ететіндіктен «Атамекен» осы өзгерістерге қатысты пікірлер, ескертулер мен ұсыныстарды ашық жинау жүргізілетіні туралы хабарлайды.

 Бірыңғай позицияны шығару үшін Жоба мазмұнымен танысуды ұсынамыз. Жобаға қатысты ескертпелер мен ұсыныстарды 12 тамызға дейін мына электронды поштаға жіберуді сұраймыз: a.tazhibaeva@atameken.kz, анықтама телефоны: 8 (7172) 919-358.

 Жоба мәтінімен «Атамекен» сайты «Бизнес және Заң» бөлімінде немесе   Ашық НҚА сайтында танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер