«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елорданың әлеуметтік жобаларына инвесторлар қажет

2019 жылғы 05 Тамыз
- Астана қаласы
6024 просмотров

Ерекше балаларды түзету және дамыту бойынша әлеуметтік жобалар, 18 жасқа толмаған адамдарды жұмысқа тұруын заңдастыру, сондай-ақ балалардың еңбек нарығы, «Белсенді Азамат» қосымшасы Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы алаңында таныстырылды

Әлеуметтік мәселелерді шешуге тарысқан кәсіпкерлер жобаларының таныстырылымы Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бастамасымен өтті.

 «Кездесу мақсаты – әлеуметтік жобаларды көрсету және оларды жүзеге асыру жолында барынша қолдау. Әр жоба авторының түпкі мақсаты – табысқа кенелу емес, айналадағы көмекке мұқтаж адамдарға көмектесу. Жобалар авторларының көбі бір кездері өздері мәселелерге тап болса, бүгін оларды өздері  шешіп жатыр», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Дина Сақтағанова.

 AUTISM KAZAKHSTAN ұлттық қауымдастығының өкілі ретінде Нұргүл Балтабайқызы өзі аутист-баланы тәрбиелеп отырғандықтан «Аутизм және ерекше қажеттіліктері бар балалардың құқықтары жөніндегі Республикалық ресурстық орталығы» атты жобаны таныстырды. Нургуль Балтабайкызы АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі орталық Centers for Disease Control and Prevention) деректері бойынша әлемдегі әр 59-шы бала аутизмге шалдыққан деп айтты.

 «Аутизмді толық емдеу мүмкін емес, алайда ауру белгілерін тежеуге болады: баланы тілдесуге, оқуға үйретуге болады. Егер дұрыс диагнозды екі жасқа дейін қойса, дұрыс өмір сүру мүмкіндігі ұлғаяды: бала кәдімгі мектепке барады, университетке түсіп, жұмыс істейді. Ал диагноз қою кешеуілдетілсе, онда адам арнайы күтімге өмір бойы мұқтаж болады. Оңалту әдістері баршылық, бірақ ғылыми тұрғыда дәлелденгендер саусақпен санарлық. Бағдарламаға әр балаға жеке болуы тиіс. Қазіргі таңда сарапшылардың болжамды бағалары бойынша Қазақстанда 300 мыңнан астам бала аутизмге шалдыққан (нақты деректер жоқ, өйткені мұндай балалардың, әсіресе мүгедектікке шалдықпаған балалардың есебі жүргізілмейді). Қазақстанда аутизммен ауыратын және ерекше қажеттіліктері бар балалардың бірыңғай есеп базасы жоқ, әкімдіктер мен мемлекеттік органдардың деректері әр түрлі. Бұл жайт әлеуметтік ұйым және түзету жөнінде қолдауға деген қажеттіліктің дұрыс есептеуге кедергі», – деді Нұргүл.

Спикердің айтуынша, елімізде мүгедектік шалдыққан аутист-балалардың ғана есебі жүргізіледі, ал 3-7 жас аралығындағы балалар (мүгедек емес) қоғам мен мемлекеттің назарынан тыс қалуда, скрининг арқылы анықталмайды, сәйкесінше олар түзету көмегін ала алмайды (ақылы негізде ғана). Еңбекке тұрғызу және әлеуметтік оңалту мәселелері де шешілмеген. Аутизмді қоғамда ақпараттық насихаттау (БАҚ-та, қоғамдық орындар мен көлік ішінде) жоқ. Көп ата-ана баласын шетелде емдеуге мәжбүр.

 «Аутизм және ерекше қажеттіліктері бар балалардың құқықтары жөніндегі Республикалық ресурстық орталығының» негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасындағы ерекше қажеттіліктері бар балалар мен мүгедек балалардың құқықтарын қорғайтын аутизмі бар балаларға (аутизм спектрінің бұзылуы) кешенді медициналық көмек жүйесін дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу.  Сондай-ақ, орталық аутист-балаларға кешенді көмектесу мақсатында бірнеше міндеттерді орындайтын болады», – деді    AUTISM KAZAKHSTAN ұлттық қауымдастықтың өкілі.

Роза Қарабекова ерекше және дені сау балалар, сондай-ақ ата-аналарға арналған коворкинг орталықты таныстырды. Коворкинг-орталықтың негізгі мақсаты – халытың барлық тобының (балалар, ересектер, еріктілер, жұмыспен қамту орталығының ізденушілер) инклюзивті тілдесуіне арналған бірыңғай платформа құру.

Жанар Төлегенова «Балалр еңбек нарығы» әлеуметтік жобасының маңыздылығын атап өтті. Бұл нарық 18 жасқа толмаған балаларды заңды түрде жұмысқа тұрғызуға мүмкіндік береді.

 «INTEGRITY ASTANA»  коммерциялық емес ұйымның өкілі Жанат Нұрғалиев «Белсенді Азамат» қосымшасы» жобасын таныстырды. Бұл қосымша мемлекеттік мекемеге азаматтармен ұялы телефон немесе браузер арқылы араласуға мүмкіндік береді.

 Жоба мақсаты – мемлекеттік мекеме және белсенді азаматтар арасындағы өмір сүруге қолайлы қалалық ортаны бірлесіп құруға бағытталған диалогты жақсарту.   

   «ISKER ANA» қоғамдық қоры аутизм спектріндегі ауытқуы бар балаларға арналған оңалту шипажай балабақшасы туралы ақпарат берді. Аталған қор қиындыққа тап болған аналар мен балаларға көмектесетін жанашыр аналардың одағы. Қордың негізгі мамандануы – аутизм спектрінің бұзылуы бар балаларды оңалтуға және мамандықтарды оқытуда әйелдер мен балаларға көмек көрсету.

Барлық жобалар аталған шараға келген инвестор-кәсіпкерлердің қызығушылығын оятты. Олар әр жобамен жекелей танысуға ынта білдірді.

Егер осы және басқа да әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға көмектескіңіз келсе, Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасына хабарласуды сұраймыз:  91-90-83, тел: 8 707 902 30 20 жауапты маман:  Абылайхан Оразалиев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер