«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

#BASTA стиліндегі бизнес

2019 жылғы 03 Тамыз
- Алматы қаласы
6006 просмотров

Алматыда алғаш рет «Жас кәсіпкер» жобасының тыңдаушылары BASTA алаңында жас кәсіпкерлермен кездесті.

«Basta» сөзі «баста» деп аударылады, жобаның өзі айтып тұрғандай, мұндай форматтағы кездесулер жастарды өз ісін бастауға шақырады. Ал басталуы сәтті болуы үшін, кездесу барысында спикерлер тек жетістіктерін ғана емес, өз бизнесінде жол берген қателіктері туралы да айтып береді.

Кездесуді ашқан Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов биылғы жылы «Атамекен» ҚР ҰКП NEET, фрилансерлер, оқу орындарының түлектері мен жас кәсіпкерлер санатына бағытталған «Жас кәсіпкер» жобасы – жастарды оқытудың жаңа бағдарламасы әзірлегенін атап өтті.Қатысушылар өз кәсібін толықтай бастап кетуі үшін, оларға бір ай ішінде бизнестің барлық жолдары тегін оқытылады. Алматыда курстарға 9,5 мыңнан астам адамды тарту жоспарлануда. Қазіргі таңда қаланың сегіз ауданында 32 оқу сыныбы жұмыс істейді.

«Жас кәсіпкер» жобасы «Атамекен» тарапынан үшінші жыл жүзеге асырып келе жатқан, басқа жобадан пайда болғанын көбісі біле бермейді. Тек 2018 жылы Республика бойынша «Бастау» жобасы аясында 30 мың адам кәсіпкерлік негіздерін оқыды. Бүгінгі таңда 7,5 мың адам өз кәсібін ашты», – деп атап өтті Нариман Әбілшайықов.

Іс-шараның алғашқы спикері – Арслан Дәрімов, Rocket Study және Atameken Academy мектептерінің негізін қалаушы.

«Мен кәсіпкерлік жолымды 17 жасымда бастадым, ол кез мектепті бітірген уақытым болатын,  америкалық университетке грантқа түскен кезім, бірақ мен Қазақстанда өзімді бизнестен сынап көру үшін қалуды жөн санадым, қолымнан  келе ме  әлде жоқ па ? Мен ағылшын тілінің репетиторы болып жұмыс істедім, ал бүгінгі таңда бізде Қазақстан бойынша 15 мектеп бар. Жеке өсу тарихымыз 70 мың теңгеден басталды, оның 40 мыңы жалға, қалғандары,  парталар мен орындықтар үшін кетті. Флаерлерді мен өз  принтерлерімнен шығарып тарататынмын.  Бүгінде бізде 4000 түлек бар, 15 мектеп ашылды», – деп айтып өтті Арслан Дәрімов.

Арслан өз бизнесінде жол берген қателіктерге егжей-тегжейлі тоқталды. Олардың әлі дайын болмаған уақыттағы, бизнестін тым ерте басталған бірінші және ең үлкен кетелігін айты өтті.  Екінші қателік  Арслан комьюнити құрумен байланыстырады – олар танымал адамдарды, блогерлерді, бизнесмендерді жинап, қыдырыстарды ұйымдастыра бастаған. Көп уақыт жұмсалып, алайда күтілетін нәтижелердің болмағаны орын алды. Үшінші қателік деп ол IT-платформаны құру туралы шешімді атады. Арсланның айтуынша, олар ең маңызды көрсеткіштерді ескермеді – ал тұтынушылары үшін өлшенетін нәтижелер маңызды болды – ағылшын тілінің бірінші деңгейі және т. б.

CTOgramm және TOIdriver жобасының негізін қалаушы Жандос Тұрсынбаев табысқа төмен бағамен және демпингпен қол жеткізуге болатынына сенімді. Ол жақсы сапамен және қосымша бонустармен, тауарды немесе қызметті неғұрлым жоғары бағамен сату жақсы деп санайды.

«Біздің уақытымызда бірегей сауда ұсынысы болған жоқ, ал сіз басқа компаниялармен бір салада бәсекелесуді бастағанда, бұл өте қиын. Тұтынушыға жаңа нәрсе беріп, супер-технологияны ұсыныңыз, ал ол үшін ақша алыңыз», – деп айтып өтті ол.

 Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев өз өсу жолын Halyk Bank-те несие менеджері ретінде қалай бастағанын айтып берді. Оның алғашқы тұтынушысы тұқымдарды қуыруға арналған жаңа машинкаға 60 мың теңге несие алған шемішке сататын әже болды. Бүгінде Дәурен Сартаев – 1,5 млрд  АҚШ доллары портфелін басқаратын банк топ-менеджерлерінің бірі.

«Жалдамалы қызметкер үшін де, бизнесмен үшін де, өз саласында ең  үздік қызметкері болғаныңда, өзін үшін мотивация табу өте қиын. Сен өзіңнен: «одан әрі қалай болады?» деп сұрайсың. Бірақ өз сұрағына жауап беру оңай емес», – деді ол.

Ол аудиторияның көптеген сұрақтарына жауап беріп, сондай-ақ Halyk Bankтегі 30 жасқа дейінгі жастарға арналған «Жас халық» жаңа несиелеу бағдарламасы туралы да айтып өтті, аталған бағдарлама аясында бизнес-жоспарға орай жылдық 5%-бен бен 84 айға дейінгі 15 миллион теңге көлемінде несие алуға болады.

«Шабыт» компаниясының басшысы Гүлшарат Жұбаева жиналғандарға бизнес тәжірибесін және өз компаниясы туралы айтып, нарықтағы өз орнын таңдаудың маңызды тақырыбын қозғады.

«Шабыт» бүгінде –  сұлулық салоны, тігін өндірісі, сондай-ақ би тобы.

«Өз филиалдарын немесе шағын дүкендерді ашудың орнына, өз тауарларын басқа дүкендерге сату әлдеқайда тиімді, әсіресе бизнестің алғашқы сатысында. Мысалы, арнайы киімді алайық. Мен әлі күнге дейін арнайы киім сататын әлеуметтік желілерде дүкендерді көрмедім. Ал ол әр салада – құрылысшылар үшін, сұлулық салондары үшін қажет. Иә, тіпті Қытайдын дайын арнайы киімін алып, қиялыңызды ескере отырып, оны жетілдіріңіз. Бұл сіздің идеяңызға байланысты», – деді кәсіпкер.

Соңғы спикер ретінде консалтинг және басқару әлемінің өкілі, атақты бизнес-жаттықтырушы Ғани Абадан сөз сөйледі. Ол өз табыс жолын айтып берді: ол қызметкерлерді қалай басқару керек және бірнеше қызмет түрлерін ұсынатын компанияны қалай ашу керектігі жайында ақпарат берді.

«Мен үшін кәсіпкерлік – үнемі қозғалыста болу. Сені ұрады, сен құлайсың, бірақ қайта тұрасың», – деді Ғани Абадан.

Аудитория ішінен ең  қызықты сұрақ қойған тыңдаушыға спикер   «Бизнес по-любви» атты кітабын сыйға тартты.

«Баста» іс-шарасын ұйымдастырушылардың уәде еткеніндей, апта сайын өткізілетін болады, «Жас  кәсіпкер» жобасының студенттері өздерінің теориялық білімдерін практикада шоғырландырып, кәсіпкерлермен байланыс орнатып, олардың тәжірибелері мен қателіктері жайында білуге ​​мүмкіндік алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер