«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бір апта ішінде «Атамекен» қолдау орталығы» көмегіне екі мыңнан астам адам жүгінді

2019 жылғы 02 Тамыз
6611 просмотров

Жобаны іске қосу күнінен бастап, яғни «Атамекен» қолдау орталығы жұмысының бір аптасы ішінде мобильді орталықтың кеңесшілері 2 300 адамға (Алматы – 845 адам, Шымкент – 314 адам, Нұр-Сұлтан – 1 141 адам) кеңес берді

Жекелеген қала бойынша нақты ситуация бойынша айтатын болсақ, Нұр-Сұлтан қаласында «Бастау» жобасына 73 астаналық қатысуға дайын, 55 қыз-жігіт «Жас кәсіпкер» жобасының екінші легіне қатысуға жолдама алды, қысқа мерзімді курстармен жаңа мамандықты игеруге 179 адам ынта танытты, 49 адам жұмысқа тұруға жіберілді.

 Алматыда 18 адам «Бастау» жобасына қатысады, «Жас кәсіпкер» жобасына 18 адам іріктеуден өтті, қысқа мерзіміді оқуға – 21 адам қатысады, 25 адам жұмысқа орналасуға жолдама алды.

 Шымкент қаласында бүгінде «Жас кәсіпкер» жобасына ынта жоғары, 74 адам бағдарламаның 2-легіне қатысуға жолдама алды. Жеке кәсіп ашу, «Бастау» жобасымен кәсіпкрлік негіздерін оқуға 49 шымкенттік дайындалуда, қысқа мерзімді курстарға қатысып, жаңа мамандықты игеруге 9 адам өтінім білдірді.

 Қажетті мамандықтарға сұранысқа талдау жүргізу шеңберінде «Атамекен» ҰКП қызметтік штатында 5 қызметкерден жоғары 75 000 жұмыс берушіге сауалнама жүргізуде.  2019 жылдың 31 шілдесіне сәйкес деректер бойынша 11 577 кәсіпорын сауалнамаға қатысып үлгерген. Олардың ішінде 5 840 кәсіпорын жұмыссыз кандидаттарды қарастыруға дайын. Жалпы бос жұмыс орын саны  – 13 2300 бірлікті құрайды.

 Естеріңізге салсақ, «Атамекен» қолдау орталығы» пилоттық режимде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында іске қосылды. Ел аумағында осындай 30 орталық: Алматыда – 12, Шымкентте – 10, Нұр-Сұлтанда – 8 орталық ашу көзделген. Бүгінде 10 орталық жұмысын бастап кетті. Нұр-Сұлтанда 4 орталық, Алматы – 5, Шымкентте 1 орталық қызмет көрсетуде.

 Әр мобильді орталықта жұмысқа тұрғызу бойынша көмек көрсетіледі. Егер адамның мамандығы және кәсіби қабілеті бойынша лайықты жұмыс табылмаса, онда жұмыс іздеушіге жаңа мамандықты игеру ұсынылады. Өтінім беруші «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді курстарға жазылып, жаңа жұмыс мамандықты игере алады. Оқу кәсіпорындар базасында өтеді, оқу мерзімі 1 айдан 6 айға дейін жалғасады, тыңдаушыларға шәкіртақы және ары қарай еңбекпен қамту қарастырылған.

 Сонымен қатар кеңесшілер 18-29 жас аралығындағы қыз-жігіттерге «Жас кәсіпкер» бағдарламасына қатысуды ұсынады. Бағдарлама кәсіпкерлік негіздерін оқығысы келетін жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарға арналған.  Курс бір ай жалғасады, оның қорытындысы бойынша қатысушыларға менеджерлер бизнес-жоспар құруға көмектеседі, ары қарай қаржыландыру алу және бизнес жүргізуде қолдау көрсетеді. «Жас кәсіпкер» жобасы шеңберінде 200 мектеп іске қосылды, соның ішінде 60 мектеп Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Шымкент қаласында орналасқан.

 Бұдан бөлек, ізденушілер «Бастау» жобасына қатыса алады. Жас ерекшелігіне қарамастан өзін-өзін жұмыспен қамтығандар және жұмыссыздар бір ай бойы бизнес жүргізу бойынша негізгі дағдыларды игеріп, микро несие алуға, кәсіп ашу немесе қолданыстағы бизнесті кеңейтуге мүмкіндік алады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер