«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда «Жас кәсіпкер» жобасының 2 легіне қатысушыларды қабылдаймыз

2019 жылғы 01 Тамыз
5715 просмотров

Алматы қаласында 14 тамыздан бастап қыркүйек айының соңына дейін Атамекен ҚР ҰКП-ның  «Жас кәсіпкер»  жобасы  басталады.

Жас кәсіпкер» жобасының қатысушылары 18 бен 29 жас аралығындағы жастар: Олардың қатарында жұмыссыз жастар, мектеп, колледж және университет түлектері, жас және аз қамтылған көпбалалы отбасылар, еңбекке жарамды мүгедектер  және жас кәсіпкерлер қатыса алады.

Бағдарламаның міндеттері:

  • жастарды кәсіпкерлік қызметке жаппай тарту,
  • перспективалы кәсіпкерлік идеяларды іріктеу және қолдау,
  • бизнес жүргізу үшін практикалық оқыту және дағдыларды игеру,
  • жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дәріптеу,
  • ауылда және қалада бизнес ортаны қалыптастыру.

Жоба барысында жастарға берілетін мүмкіндіктер:

  • өз кәсібін ашуға;
  • Бизнес-жоспарлау дағдыларын үйренуге;
  • Тәжірибелі үздік бизнес-тренер мамандардан заманауи әдістер бойынша білім алуға;
  • Әр қатысушыға 19 273 теңге мөлшерінде шәкіртақы ала алады;
  • Жеке ісіңізді дамытуға қайтарымсыз грантты алуға (505 000тг) немесе жеңілдетілген жылдық 6% -бен несие алуға мүмкіндік береді.

Оқыту қаланың барлық 8 ауданында тәжірибелік тапсырмаларды, кейстерді, іскерлік ойындарды қолдана отырып, кәсіпкерлік қызметті нарықтық экономика жағдайында жүргізу кезінде белгілі бір ұғымдар мен құзыреттер шеңберін жүйелеу үшін ҰКП әзірлеген материалдар негізінде 32 оқу сыныптарында өтетін болады.

Жобаға қатысу үшін қатысушылар келесі құжаттарды тапсыруы қажет: жеке куәліктің көшірмесі, мекенжай анықтамасы (egov.kz) және жобаға қатысу үшін өтінішті толтыру.

Құжаттарды қабылдау мына мекенжайларда:

1

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палаасы

 Жібекжолы даңғ 135,

Амангелді көш қиылысы, блок 2, 8 қабат

Адильбекова А

8707 781 45 88,

Жұмыс тел:

33 101 33 (7535)

2

Алматы қаласы кәсіпкерлер қызмет көрсету орталығы

Достык даңғ, 160

Мадиев Т.

33 101 33 (819)

3

КП Наурызбай аудандық филиалы

Шұғыла мөлтек ауданы 2, д.347

Насамбаев А.,

Исмаилов Р.

8 701 242 29 47

8 700 088 80 77

4

КП Алатау аудандық филиалы

Жанқожа батыр көш, 26

Казыкенов А.,

Нысанбекова А.

8 747 557 91 08,

8777 999 2068

5

КП Жетісу аудандық филиалы

Серіков, 2а

Абуов Д.

Ташметова Д.

8707 994 8555,

8 701 912 47 32

6

КП Түрксіб аудандық филиалы

Шолохов көш, 9

Чалгынбаев А.,

Абілқаиров Ж.

8 747 635 03 35,

8 701 555 14 95

Толығырақ ақпарат алу үшін «Атамекен» ҚР ҰКП байланыс орталығы -1432 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), Алматы қаласы бойынша +7 (727) 33 101 33 (ішкі байланыс 803, 7535), сонымен қатар WHATSAPP желісі арқылы +7 (707) 781 45 88 нөмеріне сұрақтарыңызды қоя аласыздар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер