«Атамекен» сауда объектілерін жалға алу шарттарының бірыңғай базасын құрды
Отандық тауар өндірушілердің өнімін сауда объектілері (сауда –ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, базарлар) арқылы ілгерілету шеңберінде «Атамекен» ҚР ҰКП Сауда департаменті 26 маусым және 15 шілде аралығында ел аумағындағы 408 базар, 86 сауда үйі және 15 сауда – ойын-сауық орталығында жалға алу шарттары туралы ақпаратты жинау бойынша жұмыс жүргізді
Ақпарат сауда нүктелерін аралау, жұмыс істеп жатқан сауда нүктелеріне қоңырау шалу әдісімен жиналып, келесі деректер кесте формасында тізбектелді (объект атауы, нақты мекенжай, жауапты тұлғаның байланыс нөмірі, жалға алу шарты, жалға алу құны, «кірме» төлемнің сомасы, коммуналдық төлемдер, бос орын саны, жалға алу келісімшартын жасауға қажетті құжаттар тізімі, басқа ақпарат).
ҚР сауда объектілерінде жалға алу шарттары бойынша жиналған өзекті ақпарат отандық тауар өндіруішлер, шаруа қожалықтары, ауыл шаруашылығы өндірушілер, кәсіпті енді бастаған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге байланыс іздеу, Қазақстан Республикасының сауда объектілеріне кіру шарттарын талдау, жалдау шартын жасасуда уақыт үнемдеуге, дұрыс таңдау жасауға көмектеседі.
Сауда орталықтары және сауда үйлерінде жалға алу шарттары
Өңірлер кескінінде ҚР басарларында жалға алу шарттары жиынтығы
Пікір қалдыру:
Пікірлер: