Алматы қаласының «Атамекен» сарапшылары «Халыққа мобильді көмек» акциясын қолдады
Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен бірлесе отырып «Нұр Отан» партиясының «Мобильді халыққа көмек» акцисы шеңберіңде «Болашақ» және «Ақ бұлақ» әмбебап базарларына барып азаматтарды қабылдады.
«Маған «Атамекен» өкілі ретінде ауқымды мәселелер, соның ішінде несие беру жөнінде өтініш білдірді. Мен қабылдаған 10 азаматтың басым бөлігінде тұтынушылық және өзге де несиелер, тіпті біреулерінде 5-6-дан қарыз бары анықталды. Қазір олар не істеу керектігін білмейді, жұмыс іздестіріп, не болмаса қаржыландыруды қалайды. Тағы 4 адам айналым қаражатын толтыру үшін несие алу мүмкіндігі туралы сұрады», – деп айтты Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Айтуар Қошмамбетов.
Келушілерге қолданыстағы «Жол картасы-2020» қаржыландыру бағдарламасы, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы, «Жібек жолы» өңірлік бағдарламасын және аталған бағдарламалар шеңберінде субсидиялау, кепілдік беру және оқыту мүмкіндіктері түсіндірілді.
«Біз екі жігітті «Жас кәсіпкер» жобасына қатысуға шақырдық. Осы жоба бойынша 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған балалар бизнес жүргізу негіздері бойынша арнайы курстардан өте алады. Оқу 1 айға созылады, осы кезеңде білім алушыларға 19 753 теңге шәкіртақы төленеді. Қорытынды бойынша сіз шағын жобаны жүзеге асыру үшін 505 000 теңгеге грант ала аласыз. «Атамекен» бизнес-жоспар құру және өзге де сүйемелдеуге қолдау көрсетеді», – деп Айтуар Қошмамбетов кеңес алушыларға бағыт берді.
Айта кету керек, жақында ғана Алматы қаласындағы халық көп шоғырланған жерлерден жұмыспен қамтудың 4 мобильді орталығы өз жұмысын бастады. Олар: «Алматы-2» теміржол вокзалы, «Кенжехан-2» әмбебап базары, «Көк базар» базарында және «Түрксіб» жәрмеңкесінде орналасты.
Бұл мобильді орталықтарда менеджерлер-кеңесшілер келушілерге:
- өтініш берушінің білімі мен кәсіби деңгейіне сәйкес бос жұмыс орнын таңдауға;
- жаңа мамандық алуға көмектеседі. Тұтынушыларға кәсіпорындар базасында өткізілетін қысқа мерзімді оқу курстарына («Еңбек» Мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламасы аясында) жазыла алады. Мұндай оқыту екі айдан алты айға дейін созылады, шәкіртақы мен одан әрі жұмысқа орналастыруды көздейді.
Сондай-ақ, жиын барысында Солтүстік айналым беттегі базарлардың алдында көлік тұрағы мен кіре берістер бойынша бірнеше сұрақтар қойылды, жер үсті өткелдеріндегі сауда нүктелері мәселелерін және базарлардағы жалға алудың жоғары бағамдарна қатысты проблемаларды көтерді. Барлық сұрақтар бақылауға алынды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: