«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ЕАЭО цифрлық күн тәртібі: отандық бизнес және ІТ-сектордың қатысуы

2019 жылғы 25 Шілде
4929 просмотров

ЕАЭО цифрлық күн тәртібін жүзеге асыру мәселелері Қазақстан ІТ-қоғамдастығы, бизнес, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ өкілдерінің қатысуымен Astana Hub ІТ-стартаптар халықаралық технопаркі базасында өтті

Іс-шараны «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Экономикалық интеграциялау департаменті ұйымдастырды.

ІТ-шешімдер мен технологиялық жобаларды әзірлеу және пилоттауда Astana Hub-тың маңызын назарға ала отырып, Палата технопаркті отандық ІТ-нарығы және ЕАЭО цифрлық күн тәртібі мәселелері бойынша стартап жобалардың өкілдерімен кездесу алаң ретінде таңдады.

Спикерлер ЕАЭО цифрлық күн тәртібі шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыс туралы, соның ішінде Цифрлық көлік дәліздері («Транстелеком» АҚ), ЕАЭО цифрлық сауда экожүйесін қалыптастыру (Цифрлық Қазақстан қауымдастығы), қазақстандық блокчейнді әзірлеу («BlockchainKZ»  Блокчейн технологиясын әзірлеушілер және пайдаланушылар қауымдастығы) ақпаратпен бөлісті.

 Ұлттық кәсіпкрелер палатасының өкілдері жобаны жүзеге асыру туралы шешім қабылдау үшін Еуразиялық экономикалық комиссияға цифрлық бастамаларды ұсынудың қолданыстағы процедуралары туралы айтып берді. Аталған кездесуді ұйымдастыру арқылы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес үшін маңызды мәселелерді шешуді жоспарлады. Бірінші кезекте отандық ІТ-қоғамдастықты ақпараттандыру және оларды ЕАЭО аясындағы бастамалар мен жобаларды қараудың бастапқы кезеңіне тарту. Екіншіден, бизнес-қоғамдастықтың ЕАЭО-да іске асыру мүмкіндігі үшін бастамалар мен дайын IT-шешімдерді ұсынудағы жұмысын жандандыру көзделген.

 Өз кезегінде жиын қатысушылары спикерлерге сұрақтарын қойып, түйткілді мәселелерді атады. Бизнес өкілдерінің пікірінше, ЕАЭО цифрлық күн тәртібі жайында ақпараттың аздығы негізгі мәселе болып отыр. ІТ-компаниялардың қазақстандық қауымдастығы, өз кезегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Еуразиялық экономикалық интеграция мәселелері бойынша, соның ішінде ЕАЭО Сандық күн тәртібін бойынша бірыңғай жұмыс алаңын құруды ұсынды.

 Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кездесуде көтерілген ескертпелер мен мәселелерді назарға алып, осы бағытта Ұлттық палата жанынан ЕАЭО цифрлық күн тәртібі жөнінде жобалық алқа құрылғанын айтты. Бизнестің барлық мүдделі тараптарына Жобалық алқа жұмысына белсенді қатысу ұсынылды. Алқа жұмысында ЕАЭО цифрлық күн тәртібі бойынша барлық мәселелер қаралады.

 Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар байланыс деректермен өзара алмасты, атап айтқанда, «Қазақстандық ақпараттық технологиялар», «LINCOMPANY», «KOMPRA», «KPMG Digital Village» және басқа ұйымдар ЕАЭО цифрлық күн тәртібі шеңберіндегі жобаларды қарау бойынша ары қарайғы жұмыстарға қызығушылық білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер