«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда «Жас кәсіпкер» жобасының алғашқы легі басталды

2019 жылғы 24 Шілде
- Алматы қаласы
3963 просмотров

1200-ге жуық алматылықтар «Жас кәсіпкер» жобасының алғашқы легіне қатысуда. Тестілеуден бастаушы кәсіпкерлер, мектеп, колледж және университеттердің түлектері, жас және аз қамтылған көп балалы отбасылар, 18 бен 29 жас аралығындағы еңбекке жарамды мүгедектер өтеді. 

«Бұл жоба Алматы қаласында және басқа да өңірлерде өтіп жатыр. Айта кетсем, аталған  бағдарлама «Бастау» жобасының негізінде 18-29 жас аралығындағы қыз-жігіттерге бағытталған. Біз Алматы қаласы бойынша «Жас кәсіпкер» бағдарламасымен желтоқсан айына дейін 3200 жасты оқытпақпыз, ал «Бастау» бағдарламасы бойынша 6400 адамды оқыту жоспарланған. Жобаға қатысқан түлектер өздерінің іскерлік дағдыларын дамытып, соңында бизнес жоспар жасап шығады. Сол бизнес жоспарлары арқылы жобаға қатысушы жастар өз бизнесін ашуға және грант түрінде бастапқы 200 АЕК (505 мың теңге),  8000 АЕК-ке дейінгі жеңілдетілген несиені жылдық 6%-бен алатын болады. Жалпы барлық қатысушыларға 19 753 теңге шәкіртақы төленеді. Жоба Алматыдағы барлық 8 ауданды қамтып, 32 сынып ашылған, жастар сол жерде оқытылады», – деп мәлімдеді жоба жетекшісі Қуанышбек Ерниязов.

Айта кету керек, «Жас кәсіпкер» жобасының екінші кезеңі ағымдағы жылдың 21 тамызында басталады. Жобаның екінші кезеңіне құжаттарды қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Мақсатты аудитория – 18-29 жас аралығындағы NEET категориясындағы жастар, жас кәсіпкерлер, мектеп, колледж және университет түлектері, жас және аз қамтылған көпбалалы отбасылар, еңбекке жарамды мүгедектер. 

Бағдарламаның міндеттері:

* жастарды кәсіпкерлік қызметке жаппай тарту,

* перспективалы кәсіпкерлік идеяларды іріктеу және қолдау,

* бизнес жүргізу үшін практикалық оқыту және дағдыларды игеру,

* жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дәріптеу, ауылда және қалада бизнес ортаны қалыптастыру.

Оқыту қаланың барлық 8 ауданында ҰКП әзірлеген материалдар негізінде тәжірибелік тапсырмалар, кейстер, іскерлік ойындарды қолдана отырып, кәсіпкерлік қызметті нарықтық экономика жағдайында жүргізу кезінде белгілі бір ұғымдар мен құзыреттер шеңберін жүйелеу арқылы 32 оқу сыныптарында өтетін болады.

Жобаға қатысу үшін қатысушылар келесі құжаттарды тапсыруы қажет: жеке куәліктің көшірмесі, мекенжай анықтамасы (egov.kz) және жобаға қатысу өтінімі.

Құжаттарды қабылдау мына мекенжайларда: Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы (Жібек жолы д-лы 135, Амангелді көш қиылысы, блок 2, 8 қабат) және мына сілтеме http://atameken.kz/kk/news/32541-v-almaty-ob-yavlyaetsya-nabor-uchastnikov-na-proekt-zhas-kspker арқылы.

Толығырақ ақпарат алу үшін «Атамекен» ҚР ҰКП байланыс орталығы -1432 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), Алматы қаласы бойынша+7 (727) 33 101 33 (ішкі байланыс: 803, 7535).

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер