«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанда Бизнес-тренерлердің ұлттық қауымдастығы құрылмақ

2019 жылғы 23 Шілде
19939 просмотров

Бизнес-тренерлердің ұлттық қауымдастығын құру идеясы екі жыл бұрын пайда болған

Қауымдастық төрағасы Ғани Абаданның айтуынша, бүгінде бизнес-тренер білім берудің жеткізушісі ғана емес.

 «Қауымдастық бизнес-тренерлерді шоғырландыру үшін керек, бастысы өз мамандығың үшін жауап беруді үйрену қажет. Бүгін кез келген адам келіп, мен бизнес-тренермін деп айтуы мүмкін, солай болады да. Қауымдастық осы салада этикалық кодексті әзірлеуге кіріседі. Иә, біз өзімізді тар шеңберге шектейтініміз рас, бірақ осы міндеттерден кейін бір-бірімізге кәсіби тұрғыдан қарайтын боламыз», – деді Ғани Абадан.

 Ментор бүгінде тренерлерде екі мәселе барын айтты, олар: нарық пен тренерлер. Қауымдастық міндеттерінің бірі нарықты біліксіз мамандардан тазарту, сондай-ақ бағалар демпингіне қатысты мәселені шешу.

 «Қауымдастық құру идеясы баяғыда піскен бастама. Бір ғана «Бастау» жобасында бизнес-тренерлердің саны 100-ге дейін өсті. Қазіргі таңда «Бизнестің жол картасы-2020» және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде оқу жобаларында 250 бизнес-тренер жұмылдырылған. Қауымдастық іске қосылған соң бизнес-тренерлердің, бүкіл консалтинг нарығына өзін-өзі реттеу қағидасы енгізіледі. Бүгінде «Атамекенді» қосқанда, әр ұйым өзінше біліктілік талаптарын қойып, оқу жүргізуде. Қауымдастық нарықтағы негізгі ойыншыларды шоғырландырып, нақты біріктіруші күш болады деген сенімдеміз», – деді «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев.

 Қауымдастық жұмысы блоктарға бөлінеді, мәселен, заңгерлік, әдістемелік блогы және коммерциялау блогы. Ғани Абаданның айтуынша, Қауымдастық мүшелік жарнаны көздемейді, ұйым коммерциялық жоаблар есебінен жұмыс істеп, өзін-өзі ақтауға шығады.

 Кездесуге «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР Білім және ғылым министрлігі, United Coach Union-ның Қазақстандағы мамандары, Эмоциялық инттелектің халықаралық академиясының өкілдері қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер