«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері Кәсіпкерлік кодексіне енгізілген өзгерістермен танысты

2019 жылғы 22 Шілде
- Алматы қаласы
2488 просмотров

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің алаңында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының қатысуымен кәсіпкерлік субъектілері, азаматтық қорғаныс бойынша іс-шараларды ұйымдастыру бөлімі өкілдеріне ҚР Кәсіпкерлік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өтті.

Жиын барысында қатысушылрға Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы, кәсіпкерлердің кең ауқымына азаматтық қорғаныс объектілеріне жататын азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу бойынша қолданыстағы заңнаманың ережелері мен талаптарын, жыл сайынғы есептілікті тапсыру үшін қажетті Азаматтық қорғаныс және қорғау бойынша іс-шаралар тізбесін және құжаттарды әзірлеу, қалыптастыру бойынша талаптары түсіндірілді.

Сондай-ақ, шара барысыда кәсіпкерлік субъектісіне (объектісіне) бару және Ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау бөлігіндегі азаматтық қорғаныс және қорғау бойынша талаптарды қамтамасыз ету және орындау саласындағы уәкілетті органның бақылау-қадағалау қызметінің негізгі аспектілері баяндалып, ҚР ІІМ ТЖК Республикалық оқу-әдістемелік орталығының азаматтық қорғаныс объектілеріне жататын кәсіпорындар мен объектілердің мамандарын оқытуды ұйымдастыру желісі бойынша қызметтері көрсетілді.

Шараға қатысушыларға Алматы қаласының Кәсіпкерлер паласы кәсіпкерлікке байланысты Азаматтық қорғаныс саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтау бойынша, заңның бұзылуын болдырмау мақсатындағы, сондай-ақ Алматы қаласы ТЖД өкілдеріне бақылау-қадағалау іс-шараларын жүргізу кезіндегі заңдылықтың және кәсіпкерлердің құқықтарының сақталуы туралы ұсынымдар айтылды.

Айта кету керек, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік желісі бойынша барлық қажетті ақпараттар, тиісті нормативтік-құқықтық базалар адамдардың қолжетімділігі үшін уәкілетті органның интернет желілерінде орналастырылған.

Қатысушылар тарапынан кәсіпкерлік субъектілеріне азаматтық қорғаныс және қорғау мәселелеріна қатысты ақпаратты халықтың және бизнес субъектілерінің кең ауқымына тарату мақсатында тұрақты негізде түсіндіру және алдын алу сипатындағы іс-шараларды өткізу жайында ұсыныстар айтылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер