«Атамекен» және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бизнесті қорғауды күшейту әдістерін әзірлеуде
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі бірлесіп, бизнесті шенеуніктердің заңсыз іс-әрекетінен қорғау бойынша әдістерді әзірленуде, деп хабарланды ведомствоның ресми парақшасында
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі төрағасының бірніші орынбасары Олжас Бектеновтың айтуынша, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлескен жұмыс жалғасып жатыр. Негізгі міндеттердің бірі – кәсіпкерлерге жасалған қысымның кез келген формасынан және кәіпкерлік қызметке негізсіз араласудан қорғау. Атап айтқанда, бизнес қызметіне заңсыз араласуға жауапкершілікті күшейту бойынша заңнамалық түзетулер әзірленбек.
«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов кездесу барысында Агенттік пен Ұлттық палата арасында жасалған Жол картаны жүзеге асыру бойынша нәтижелерді таныстырды. Мәселен, іскерлік қоғамдастықтың қызығушылығын тудыратын мәселелерді талдау, атап айтқанда табиғи монополиялардың субъектілері, уәкілетті органдар және кеден қызметтерінің жер учаскелерінің техникалық жағдайларын қамтамасыз етудегі ақпараттық жүйелерге талдау жүргізілді.
Рустам Жүрсіновтың айтуынша, талдау нәтижелері бизнес-қоғамдастықтың әлжуаз мәселелерін шешуге, сондай-ақ табиғи монополиялардың субъектілері, жергілікті атқарушы органдар мен кедендік органдар қызметінде ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша нақты қадамдарды анықтауға мүмкіндік береді.
2019 жылдың екінші жартысында ветеринария және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау салаларына талдау, сонымен қатар мемлекеттік мүлікті беруде бәсекелестікті шектейтін шарттарды анықтау бойынша жұмыс жүргізіледі.
Естеріңізге салсақ, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы бизнеске кедергі келтірген шенеуніктерді жазалауды тапсырды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: