СҚО бизнесмендері техникалық реттеу және менеджмент жүйесіне қатысты мәселелерді талқылады
Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы 11-13 шілде аралығында техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы қызметкерлерді дайындау жәнке біліктілігін арттыру бойынша оқу семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты – техникалық реттеу, стандарттау, метрология және меменджмент жүйелері саласында қызметкерлердің кәсіби біліктілігі деңгейін жетілдіру және жоғарылату.
Семинар барысында қатысушыларға Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың техникалық реттеудің шарттық негіздері, метрология заңнамасында инновациялар, менеджмент жүйелерін сертификаттау саласындағы жаңа тәсілдер, ЕАЭО және Қазақстан Республикасында стандарттау жүйесі туралы лекциялық материалдар ұсынылды.
Сонымен қатар дәріскерлер «Табиғи минералды суды қоса алғанда, ауыз судың қауіпсіздігі туралы (ЕАЭО ТР 044/2017), «Өрт қауіпсіздігі және өрт сөндіруге қойылатын талаптар туралы» (ЕАЭО ТР 043/2017) техникалық реттеудің ерекшеліктеріне тоқталды. Өніміне техникалық реттеу талаптарына жататын кәсіпорындар техникалық реттеуді енгізуге өз уақытында дайындауға және оның күшіне енген күннен бастап оның талаптарына сәйкес келуге тиіс. Өңірдегі ұйымдар және кәсіпорындардың мамандары техникалық регламенттер жөнінде, сонымен қатар Кедендік одақ және ЕАЭО шеңберінде сәйкестікті бағалау бойынша кеңестер алды. Белгілі бір ұйымға өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің әртүрлі елдерінің халықаралық, мемлекетаралық, ұлттық стандарттарын, сондай-ақ түрлік салалық стандарттардың қосымша талаптарын талдау негізінде сапа менеджменті жүйелеріне қолдану үшін ең лайықты талаптар анықталды.
Семинар тақырыбы бойынша анағұрлым кең ақпаратты халықаралық стандарттар енгізу саласындағы жетекші сарапшылар, бас кеңесшілер және сертификатталған сарапшылар – техникалық реттеу, сапаны басқару, стандарттау және сертификаттау жүйесінің аудиторлары қ ұсынды.
Отандық бизнеске жыл сайын осындай семинарларға қатысу мүмкіндігі беріледі, онда техникалық реттеу мен стандарттауда мүддені қорғауға, және жұмысты оңтайландыру бойынша бірқатар шешім қабылдауды үйренуге болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: