«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнеске кедергі келтірген шенеуніктерді жазалауды тапсырды

2019 жылғы 15 Шілде
8550 просмотров

Бизнесті қолдау қажет. Ал оның дамуына кедергі келтіргендерді қатаң жазалау қажет. Осындай мәлімдемені Қазақтан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды бұқаралық ақпарат құралдары

«Отандық бизнесті қолдау қажет. Ал оны дамытуға кедергі болатындарды, негізсіз тексерістер өткізетіндерді, алым-салық пен рейдерлік жасайтындарды – қатаң жазалау қажет. Меніңше, мемлекеттік органдардың жұмысын криминализациялаудың кезі келді», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке заңнамада қатаң шараларды, тіпті қылмыстық жазаға дейін қарастыруды тапсырды. Мұндай практика бірқатар мемлекеттерде қолданылады.

 Естеріңізде болса, «Атамекен» бизнеске тигізген шығыны үшін лауазымды тұлғаларды жауапкершілігін арттыру қажеттілігін көтерген болатын.

 Осы ретте Мемлекет басшысының айтуынша, Үкіметтің ағымдағы және келешектегі кезеңдегі басты міндеті – жұмыс орындарын құру. Осы мәселені шешуге экономиканың жағдайы және елдің ішкі тұрақтылығы байланысты.

«Мәселе банктерде болса, онда Ұлттық Банкті жұмылдыру қажет. Мен Үкімет және Ұлттық банкке мәселені шешуде ортақ шешімге келуді тапсырамын. Осы ретте бизнестің қарымта міндеттемелері туралы ұмытпаған жөн. Біз мемлекеттік бюджеттен қыруар қаржы бөлеміз, кәсіпорындардың жүктеу қуатын артуына, кәсіпкерлердің табысын арттыруға күш саламыз, сондықтан «Атамекен» және жалпы бизнес өкілдері Үкіметке ықпалдасуы керек. Басқаша айтқанда, Үкіметтің «Атамекен» және басқа да тиісті мекемелермен бірлескен жұмысы жолға қойылуы керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 Сонымен қатар жиында Президент өткізу нарықтарын кеңейтіп, республиканың интеграциялық бірлестіктерде келіссөздік позициясын күшейтуді тапсырды.

 «Сауда саясатын реттеу мәселесін жүйелі және ұтымды жолға қою керек, отандық экспортты дамыту, жаңа өткізу нарықтарын іздеп, ескі нарықтарды кеңейту бойынша тиімді шаралар кешенін әзірлеу қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлерді тиімді пайдалану мәселесін көтерді.

 «Жер – оны игеріп, жұмыс істеп жатқандарға тиесілі болуы керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі жердің ұтымды пайдалануына мониторинг жүргізуді бастап кетті. Бұл жұмысты аяғына дейін жеткізу қажет. 2021 жылы Жер кодексінің кейбір нормаларына мороторий аяқталуына байланысты (ауыл шаруашылығы жерлерін сату және жалға беруге тыйым салу) біз осы мәселе бойынша үзілді-кесілді шешім қабылдауымыз керек. Осы мәселеге қатысты Парламент депутаттары, саяси партиялар, қоғам өкілдері пікір білдіреді деген үміттемін», – деді Президент.

 Естеріңізге салсақ, осыған дейін «Атамекен» жер телімдері туралы ақпартты жылдың соңына дейін цифрландыруды ұсынған болатын.

Мемлекет басшысы баяндамасының толық мәтінін мына сілтеме бойынша оқи аласыздар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер