«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Аға сеньорлар» ақмолалық шаруалармен тәжірибе бөлісуде

2019 жылғы 15 Шілде
- Ақмола облысы
23075 просмотров

«Аға сеньорлар» жобасын жүзеге асыру шеңберінде халықаралық сарапшы ақмолалық шаруалармен сүтті мал шаруашылығын жүйелі дамытудағы тәжірибесімен бөлісті

 Алты апта бойы украиналық сарапшы Сергей Вырвикишка «Жақсылық Agro» ЖШС,  Зеренді ауданының «Ақколь» шаруа қожалығы,  Ақкөл ауданында орналасқан   «Еңбек» ЖШС-ның бірінші басшылары және қызметкерлеріне консультациялар жүргізіп, тәжірибесімен бөлісті.

Украинадан келген сарапшы – ветеринария саласындағы маман, ол жыл сайын біліктілікті жоғарылатып, АҚШ, Германия, Польша, Канада, Израильде тағылымдамаларға қатысады. 

Нарықтық экономика жағдайында аграрлық түрлендіру өндірістің тиімділігіне өте қажет нәрсе. Табысқа әсер ететін алғышарттардың бірі – басқарудың жаңа әдістерін енгізуге көмектесетін, қызметкерлерді оқытып, өндірістегі жаңа технологиялар жайында әңгімелеп беретін  шетелдік мамандарды тартудың бірегей мүмкіндігі.

 Атап айтқанда, шаруалар Сергей Вырвикишкадан сүт бизнесінде жаңа технологияларды пайдалану және оларды күнделікті жұмысқа қолдану туралы пайдалы кеңестер тыңдады. Сарапшының пікірінше, өнімділікті көтерудің негізгі факторлары жем-шөпті дұрыс белгілеу және ауыл шаруашылығы малын ұстаудың барлық хаттамаларын ұстану қажет.

 «Бүгінде сарапшы берген  барлық ұсынымдар өндірісімізде орындалып жатыр. Біз жем-шөп дақылдарын ектік, қазірдің өзінде мал қыстауына жем-шөп дайындау науқанына кірісіп кеттік», – деп атап өтті «Еңбек» ЖШС директоры Қуаныш Рақышев.

 Кәсіпорныға шетелдік маманды тартуға Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы көмектесті. «Бизнестің жол картасы-2020» шеңберінде «Атамекен» жүзеге асырып отырған «Аға сеньорлар» құрауышы басқарудың жаңа технологияларын,жабдықты енгізу және қызметкерлерді оқытуға мүмкіндік береді.

 Қазіргі таңда тағы бір украиналық сарапшы Петр Захарчук Шортанды және Ақкөл аудандары кәсіпорындарында жұмыс істеуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер