«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысында кәсіпкер әйелдерге арналған тегін шеберлік сабағы өтеді

2019 жылғы 09 Шілде
3845 просмотров

Азия даму банкінің қолдауы шеңберінде «Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастырған «Ауылдық жерлерде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» тегін шеберлік сабағы 11-12 шілде аралығында Ақмола облысында өтеді

Іс-шараның басты мақсаты – әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және ауылдық қыз-келіншектердің экономикалық әлеуетін дамыту.

Семинар шеңберінде ауыл әйелдері халықаралық ұйымдар, даму институттарының өкілдері және әлеуетті инвесторлармен В2В форматындағы кездесулер мен оқу семинарларында кездесе алады.

Талқылау мен пікір алмасудың негізгі тақырыптары: ауылдағы әйелдердің әлеуметтік мәселелерін шешу, шағын және орта бизнесті қаржылай және қаржылай емес қолдау құралдары, бизнесті дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, ауылда бизнес-бастаманы жүзеге асыруға мүмкіндік беретін халықаралық ұйымдардың гранттық бағдарламалары болмақ.

 Қатысушыларды бизнес негіздері және қаржыландыруға қолжетімділік: бастапқы капиталды қайдан табуға болады, банктен грант немесе несиені қалай алуға болады, жеке кәсіпті дамытып, өткізу нарықтарын жолға қоюға болатыны жайында пайдалы тренингтер күтеді.

 Қатысушыларға бизнес-жоспар құру; әлеуетті клинеттерді табу; жарнама құру және бизнесті интернет арқылы ілгерілету жолдары үйретіледі.  

  Өтетін орны: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бурабай ауылы, «Әлем» қонақүйі.

 Семинарға Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96 мекенжайында орналасқан Өңірлік кәсіпкерлер палатасында жазылуға болады.

Естеріңізге салсақ, «Атамекен» ұйымдастырған тегін шеберлік сабақтары елдің өңірлерінде өтеді. Семинарлар өту кестесі.

 Курс бағдарламасына екінші деңгейлі банктер және микро қаржы ұйымдары – Азия даму институты/ Даму бағдарламасына қатысушыларының таныстырылымдары енген. Сонымен қатар қаржылық есептілікті қалыптастыру және жүргізу, бизнесті бастауға қажетті заңгерлік мәселелерді түсіну, қолжетімді несиелерді алуға құжаттарды дұрыс жинақтау және ұсыну жолдарына басымдық жасалмақ.

 Семинарларға жұмыс істеп жатқан және ауыл-аймақта тіркелген кәсіпкер әйелдер, сонымен қатар «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде оқудан өткен, түрлі себептермен қаржыландыру алмаған жеке тұлғалар (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар) қатыса алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер