«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырауда алғашқы индустриялық сертификаттарды мүгедектерді жұмыспен қамту кәсіпорындары алды

2019 жылғы 09 Шілде
- Атырау облысы
5664 просмотров

Қазіргі таңда облыс бойынша Индустриялық сертификатты 4 кәсіпорын алды

ҚР Қаржы министрлігі енгізген өзгерістерге сәйкес 1 шілдеден бастап жиһаз және жеңіл өнеркәсібіндегі кәсіпорындар индустриялық сертификатпен ғана мемлекеттік сатып алуларға қатыса алады.

 Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының Тауарлардың шығу түбі сертификаттау бөлімінің маманы Айгүл Махсотованың айтуынша, сертификаттың болуы кәсіпкерлерге бәсекеге қабілеттілікте бірқатар артықшылықтарды береді. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алуларға қатысу; «Самұрық-Қазына» холдингінің отандық тауар өндірушілер тізіліміне ену; «Самұрық-Қазына» қорының алдын ала іріктеуінде жиналған балдарға 20% алу; сыртқы нарықтарда отандық тауар, жұмыс, қызмет түрлерін ілгерілету бойынша шығындарды өтеуді береді. Қазіргі таңда «Атамекен» ҚР ҰКП артықшылықтар тізбегін кеңейту жолында жұмыс істеп жатыр.

 «Сертификатты алу процедурасы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде салалық қауымдастық ұсынған сарапшы кәсіпорынның бүкіл құжаттар топтамасын қарайды, кейін өндіріске көшпелі талдау жүргізеді, құжаттардағы мәліметтер мен нақты ахуалды салыстырады. Сарапшы кәсіпорынның тауар, жұмыс, қызмет көрсетулердің жарияланған түрін өндіру қабілеттілігін, тиісті біліктілігі бар қызметкерлердің санын, өндірістік жабдықтарды, өндіріс технологиясын тексереді және нәтижелер бойынша тауар, жұмыс, қызметтерді өндіру мүмкіндігін куәландырады және мәлімделген өндірістік қуатты растайды. Екінші кезеңде сарапшы қабылдаған шешімі негізінде Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жергілікті атқарушы органмен бірлеісіп, өндірістік тексеру жүргізеді, лицензияларды, рұқсаттарды, сәйкестікті растау құжаттарын, салықтық есептерді, қауіпсіздік шараларын сақтауды, компанияның кадрлар даярлауды жүргізетіндігін және ұйымның мемлекеттік наградалар мен гранттарға ұсынылғанын тексереді. Осылайша, кәсіпорын кезең-кезеңді бақылауды өтеді, нәтижесінде кәсіпорын Тауар, жұмыс, қызметтің отандық өндірушілер тізіліміне енеді», – деп түсіндірді Палата өкілі.

Атырау облысында индустриялық сертификатты алғашқылардың қатарында – Қазақ саңыраулар қоғамының Атырау оқу-өндірістік кәсіпорны және Қазақ соқырлар қоғамының Атырау оқу-өндірістік кәсіпорны алды.

Ашылу кезеңінде 1969 жылы кәсіпорында есту қабілеті нашар мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша кәсіпорында 7 мүмкіндігі шектеулі адам жұмыс істеген. 1980 жылы жеке қаражатқа әкімшілік және басқарушылық аппаратпен бірінші өндірістік ғимарат салынды. Бүгінгі күні өндірісте жылына 120 000 дана өнім шығаратын жұмсақ материал өндірісі бойынша тігін шеберханалары және 20 000 дана паллет шығаратын цех жұмыс істейді. Жуық арада копус жиһазын шығару цехы ашылды.

 Тігін цехы «TYPICAL» фирмасының заманауи машиналарымен қамтылған, онда 30-ден астам тігінші еңбектенеді. Корпоративті киім, жұмысшы мамандықтарға арналған арнайы киім төсек-орын тысы, сондай-ақ жеке тапсырыстар алынады. Кәсіпорынның тапсырушылары арасында негізінен бюджет ұйымдары және «Самұрық-Қазына» кәсіпорындары  бар.

 «Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Сол жерден индустриялық сертифкатқа қатысты ақпаратты алдық. Сеорапшылық комисисяның сәтті бағалауы нәтижесінде біз индустриялық сертификатты алдық. Аталған құжатты алу процедурасы жалған кәсіпкерліктің тәуекелін қысқартып, өндірушілерге бәсекеге қабілетті ортада жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сертификаттың болуы өнім сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік береді», – деді Қазақ саңыраулар қоғамының Атырау оқу-өндірістік кәсіпорнының директоры Әли Сейідов.

  Отандық тауар өндірушілер тізіліміне қосылғысы келетін кәсіпкерлер

-электронды цифрлық қолтаңба арқылы doc24.kz сайтында тіркелу керек;

-жеке кабинетте өндіріс орналасқан аймақ бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасына өтінім мен электронды құжаттар топтамасын жіберу қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер