«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

2020-2025 жылдарға ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасы таныстырылды

2019 жылғы 04 Шілде
13887 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП алаңында Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы талқыланды

Жиынға «Атамекен» ҚР ҰКП атқарушы хатшысы Қуаныш Балтабаев, «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ (QazIndustry) Басқарма Төрағасы Әлішер Әбдіқадыров, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, даму институттары, ұлттық компаниялардың өкілдері, жергілікті атқарушы органдар, қауымдастықтар мен кәсіпкерлер, сондай-ақ бейне-байланыс арқылы өңірдегі бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.  

Жиын қатысушыларына Бағдардама жобасын QazIndustry Басқарма төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов таныстырды. Спикер жобаның негізгі бөлімдерін атап өтті (презентация мен басқа материалдар қоса берілген).

 Қабылданған Бағдарлама тұжырымдамасына сәйкес өңдеу өнеркәсібі өнімін (шикізатты емес сектор) экспорттауға басымдық жасалып, экономикалық даму моделіне таңдау түсті. Көрсетіліп жатқан қолдау шараларына тіимді мониторинг жүргізу мақсатында өкілетті орган және өтінім беруші арасында, бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша бизнестен қарымта міндеттемелерді көздейтін келісім жасау көзделген.

 Ұсынылып отырған жобамен қолдау шаралары кәсіпорындардың төрт шартты тобына бөлінген: «жаңа индустриялық ойыншылар», «мықты тыл», «өсу драйверлері», «салмақты орталықтар». Әзірлеушінің бағалауы бойынша анағұрлым сұранысқа ие құралдар: пайыздық мөлшерлемелерді 3%-ға дейін субсидиялау, халықаралық сертификаттауға шығындарды өтеу, белгіленген пунктке дейін тасымалдау шығындарын өтеу, «салықтық несиелер», экспорттық несиелеу және т.б. қарастырылуда.

Бұдан бөлек, жоба өңдеу өнеркәсібін дамытуды ынталандырудың бірқатар жүйелі шараларын сегіз бағыт бойынша қарастырады (техникалық реттеу, инвестициялық ахуал, экспортты ілгерілету, технологиялық және цифрлық инфрақұрылым, интеграция, ішкі нарық және мамандар). 

 QazIndustry бағалауы бойынша, бұл еңбек өнімділігінің 1,7 есе, шикізат емес экспортты – 2,3 есе, инвестицияларды – 2,3 есе, кәсіпорындар санын – 1,6 есе өсумен отандық өңдеу өнеркәсібінің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, жаһандық рейтингте экономикалық күрделілік индексін 55-орынға дейін жоғарылатуға  мүмкіндік береді.  

 Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасының тұжырымдамасымен «Өнеркәсіп» мемлекеттік ақпараттық жүйені құру қарастырылған. Жобаның тұжырымдасын «қарапайым заттар экономикасы» салаларды дамытудың жобалық алқасы және Жүйенің ІТ-әзірлеушісі Виталий Тренкеншу (ТОО «Datanomix») таныстырды.

 Қазіргі таңда бизнесте, мемлекеттік органдар және даму институттарында өңдеу өнеркәсібі салалары және кәсіпорындарының жағдайы, сондай-ақ көрсетілген қолдау шаралары боынша бірыңғай ақпараттық жүйе жоқ. Оның орнына – жекеленген деректер базалары мен бөлек-бөлек мәліметтер ғана бар. E-industry бірыңғай жүйені құру Үкіметке объективті деректерге негізделген ұтымды индустриялық саясат жүргізуге, ал бизнес субъектілеріне – қолданыстағы қолдау құралдарына қол жетімділік және ықтимал болатын кооперация үшін жұмыс істеп жатқан өндірушілер туралы тиісті ақпаратты алуға  мүмкіндік береді.

 Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен жобалауға техникалық тапсырма әзірленіп, бекітілді. E-industry жүйесінің бірінші кезеңін 2019 жылдың соңына қарай Индустриялау күні аясында іске қосу жоспарланған.

 Таныстырлыған жобаларды қолдауға бизнес өкілдері, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, «Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы» ЖМ өкілдері баяндама жасады.

 Талқылау барысында бизнес өкілдерінен бірқатар ұсыныстар жасалды.

 Қазақстан өнеркәсіпшілер одағының атқарушы директоры Ришат Асансейітов Бағдарламада қолданыстағы қолдау шараларын тиімділігі талдауын ескеріп, ары қарай тиміділігін көрсеткен құралдарды қолданып, тиімсіз даму инстиуттарын қысқарту қажеттілігін атап өтті. Бұдан бөлек Бағдарлама жобасы ҚР Премьер-Министрі 2019 жылы 26 маусымда бекіткен «ҚР машина жасау саласын дамытудың 209-2025 жылдарға арналған жол картасымен» «синхрондауды», атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі мәселелерін қараған кезде түрлі министрліктер мен ведомстволардың тәсілдерін біріздендіруге бағытталған «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңын әзірлеу  бойынша сәйкестендіруді талап етеді. Машина жасаушылардың өкілі Бағдарламада өңдеу өнеркәсібінің айтарлықтай дамыған бағыттары бойынша жаңа жобаларды қолдауда белгілі бір шектеулерді қарастару қажеттілігіне назар аударды.

  Сонымен қатар салалық қауымдастықтарды кеңінен тарту арқылы бірыңғай ақпарарт жүйесінің қажеттілігін «BenchMark Consulting» ЖШС бас директоры Әскер Башеев те қолдады. Бұл шара, өз кезегінде,  «тауарлық тізбектердің» құрылуына үлес қосатын болады. Сондай-ақ, енгізілген жүйе ықтимал болатын кооперативтік байланыстарды орнатуда жылдамдығымен ерекшеленуі тиіс.

«Тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» атқарушы директорының орынбасары Максим Кононов Бағдарламада тау-кен металлургиялық кешендегі әлеуетті жобалар (мәселен, қалайы және көмірді қайта өңдеу) көрсетілмегенін, аталған салада мемлекет қатысуымен жобалардың тиімділігі туралы тезистер талас тудыратынын, сондай-ақ Бағдарламаның арнайы экономикалық аймаққа қатысты бөлігі үзік-үзік баяндалатынын атап өтті. Тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығының пікірінше, арнайы экономикалық аймақтарды ірі жүйе құрушы кәсіпорындары жанынан құру тиімдірек.

  Қорытындылай келе, Қуаныш Балтабаев жиында ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасына қатысты Ұлттық кәсіпкерлер палатасына түскен  ескертпелер мен ұсыныстар «Атамекен» шығаратын қорытындыда барынша ескерілетінін айтты. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жұмыс тобының кезекті жиналысы 2019 жыл 5 шілдеге жоспарланған.

 Бұдан басқа Әлишер Әбдіқадыров әзірлеуші – QazIndustry тарапынан мүдделі бизнес өкілдерімен тікелей кеңесуге ашық екендерін жеткізді.  

Презентация

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспары

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы - ГПИИР


Еншілес ұйымдар

Серіктестер