«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтауда кәсіпкер әйелдерге арналған тегін шеберлік сабағы өтеді

2019 жылғы 03 Шілде
4004 просмотров

Маңғыстау облысының іскер ханымдары 4-5 шілде аралығында Азия даму банкінің атсалысуымен «Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастырған «Ауылдық жерлерде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» тегін шеберлік сабағына қатысады

Іс-шараның мақсаты – әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және ауылдық әйелдердің экономикалық әлеуетін дамыту.

 «Біз әйелдер тарапынан шеберлік сабаққа қатысуға деген зор ықыласты байқадық. Осыдан бірнеше ай бұрын Маңғыстау облысы Іскер әйелдер кеңесі өңірдегі кәсіпкер әйелдердің жобаларына мониторинг жүргізді. Бізде бизнеске араласып кеткен қыз-келіншектер бар, бірақ мемлекеттік бағдарламаларды білмеу, даулы мәселелердің туындауы және өз білімдерін жүйелей алмау себепті олар бизнестерін кідіртуге мәжбүр. Сондай-ақ, жақсы идеясы бола тура кәсіпті неден бастауды білмейтін әйелдер категориясы бар. Осы топ өкілдері семинарымыздың қатысушылары болады», – деді Маңғыстау облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова.

Семинар шеңберінде ауыл қыз-келіншектері халықаралық ұйымдар, даму институттары, әлеуметтік инвесторлармен бірге В2В форматында келіссөздер жүргізіп, оқу семинарларында кездесе алады.

Талқылау мен пікір алмасудың негізгі тақырыптары: ауылдағы әйелдердің әлеуметтік мәселелерін шешу, шағын және орта бизнесті қаржылай және қаржылай емес қолдау құралдары, бизнесті дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, ауылда бизнес-бастаманы жүзеге асыруға мүмкіндік беретін халықаралық ұйымдардың гранттық бағдарламалары болмақ.

 Қатысушыларды бизнес негіздері және қаржыландыруға қолжетімділік: бастапқы капиталды қайдан табуға болады, банктен грант немесе несиені қалай алуға болады, жеке кәсіпті дамытып, өткізу нарықтарын жолға қоюға болатыны жайында пайдалы тренингтер күтеді.

Естеріңізге салсақ, «Атамекен» ұйымдастырған тегін шеберлік сабақтары елдің 15 өңірінде өтеді. Семинарлар өту кестесі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер