«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық кәсіпкерлерді Ыстамбұлда өтетін сауда-экономикалық миссияға шақырады

2019 жылғы 28 Маусым
3443 просмотров

Екіжақты ынтымақтастықты дамыту шеңберінде Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы 30 шілде және 1 тамыз аралығында отандық кәсіпкерлерді Ыстамбұлда өтетін сауда-экономикалық миссияға қатысуға шақырады

  Сауда-экономикалық миссияға қатысу үшін өңдеу өнеркәсібімен айналысатын тауар өндірушілер шақырылады. Іс-шараның мақсаты – қазақстандық және түрік кәсіпкерлері арасындағы сауда қатынастарды дамыту, сонымен қатара екі ел арасындағы іскерлік байланысты нығайту.

 Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы келесі шығындарды өтейді:

  • Сауда-экономикалық миссияны өткізуге арналған жабдықталған мәжіліс залын жалдау;
  • Сауда-экономикалық миссия өтетін күні кофе-брейк және түскі асты ұйымдастыру;
  • Қазақстандық қатысушыларды орналастыру (1 кәсіпорыннан 1 өкілден артық емес, миссия өтетін ресми уақыт аралығында);
  • Қазақстандық қатысушылардың шет ел ішіндегі трансфері.

Екі жаққа ұшу, тәуліктік шығындар  және басқа да шығындарды кәсіпкерлер өздері өтейді.  

 Іс-шараны Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР-дағы Түркия Республикасының Елшілігі, Түркия сауда палаталары және сауда биржалары одағы (TOBB), Түрік ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі агенттігі (TIKA), сондай-ақ, Түркияның сыртқы экономикалық байланыс жөніндегі одақ (DEIK) ұйымдастырды.  

Миссияға қызығушылық танытқан кәсіпкерлер жауапты мамандарға хабарласа алады:  Карина Омарова + 7 (7172) 27- 90-54 (ішкі: 222), Әсел Байболова, + 7 (7172) 27-90-54 (ішкі: 207), Ибрагим Бекқалиев, + 7 (7172) 27-90-54 (ішкі: 221), i.bekkaliyev@atameken.kz  

Тіркелу мына сілтеме арқылы.

Анықтама үшін: Ресми деректер бойынша Қазақстан және Түркия арасындағы тауар айналым 2018 жылы 1,9 млрд АҚШ долларын құраған (Қазақстаннан Түркияға экспорт – 1,242 млрд АҚШ доллары, ал импорт – 655 АҚШ доллары).   2019 жыл қаңтар-сәуірде тауар айналым 944 млн АҚШ долларын құрады (экспорт – 714 млн АҚШ доллары, импорт – 230 млн АҚШ доллары).   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер