«АТАМЕКЕН» БИЗНЕСМЕНДЕРДІ OFFTAKE-ШАРТТАРЫНА ӨТІНІМ БЕРУГЕ ШАҚЫРАДЫ (2019 жыл 11 шілдеге дейін)
«Атамекен» келесі өнімдерді шығаруды ұйымдастыру кезінде offtake-келісімшарттарын жасауға ықтимал болатын шарттарға келіп түскен өтінімдер туралы хабарлайды:
1) массалық шығынын өлшегіш (тапсырыс беруші – Самұрық-Қазына),
2) қалтқылы деңгейін өлшегіш (Самұрық-Қазына),
3) радарлық деңгейін өлшегіш (Самұрық-Қазына),
4) ЭЦВ-түрі батпалы сорап (ҚМГ),
5) астарсыз бағыттамалық бұрма (ҚТЖ),
6) айнымалы тоқты электрқозғалтқыш (Қазатомөнеркәсіп, ҚМГ).
Осыған байланысты, адал бәсекелестік және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық палата бизнес-қоғамдастықтың мүдделі өкілдерін қарастырылып жатқан өнімдер бойынша баламалы өтінімдерді беруге шақырады.
Қабылдау мерзімі: 2019 жыл 11 шілдеге дейін (осы хабарландырудың жарияланған сәтінен бастап 10 жұмыс күн).
Өтінімдерді қабылдау – services.atameken.kz кәсіпкердің бірыңғай терезесі арқылы.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: