«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бір тәулікте 18 млн теңге бизнесмендерден Арысқа көмек ретінде жиналды

2019 жылғы 25 Маусым
5955 просмотров

Бизнесмендер «Атамекеннің» үндеуін қолдап, тәулік бойы зардап шеккендерге – ақшалай, азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да қажетті заттармен көмек беруде.

Көмек беруге бірінші болып бүкіл Қазақстаннан Кәсіпкерлер палаталарының Өңірлік кеңестері қолдау көрсетті. Төтенше жағдай орын алған күні Шымкент қаласы Өңірлік кеңесінің төрағасы Қайрат Молдасейітов 10 млн теңге бөлді. «Бөрте Милка» компаниясы қаржылай көмек ретінде 5 млн теңге, 2 млн теңге көлемінде азық-түлік сатып алуға қаражат аударды.

«Кентау трансформатор зауыты» зардап шеккен жандарға 1 млн теңге қаражат жіберді. «Комбинат Фараб» ЖШС – азық-түлік, «Қуаныш» ЖШС азық-түлік өнімдері мен киім-кешекпен көмектесті. «Ордабасы Құс» ЖШС көмекке төсек-орын жабдықтарын бөлді, «Аманкелді» ЖШС екі тонна жеміс-жидек жөнелтіп, «Барс 2030» компаниясы ауыз суы жеткізілімін ұйымдастырды. «Сайрам-сүт» фирмасы да киім-кешек, төсек-орын жабдығы мен азық-түлік өнімдерін Арыс қаласына жіберді. «Арнес-центр» компаниясы 12 автобусбен адамдар тасымалын ұйымдастырды. Шымкенттік кәсіпкер Шыңғыс Қозбахов зардап шеккендерге көмекке 2 млн теңге аударды.

 Азық-түлік және барлық қажетті заттармен қамтамасыз ету бойынша Батыс-Қазақтан облысының кәсіпорындары: «Белес Агро» ЖШС, «Кублей» ЖШС, «Шанс» ЖШС, «Жайық ет» ЖШС, «Алтындар» дүкендер желісі, «Жәңгір хан» сауда үйі, «Kazstepservices» ЖШС, «Батыс продукт» ЖШС, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС  бір ауыздан шешім қабылдады. Олар ұн, макарон өнімдері, май, консервілер және кондитерлік өнімдері, гигиеналық заттар, сондай-ақ балалар киімін  Арыс қаласына жөнелтуге дайындап қойды.  

 Көмек беру үндеуіне Қостанай облысының кәсіпорындары қолдау білдірді. «Милх» ЖШС және «БК-Строй» ЖШС қаржылай көмек көрсетті. ««Magnum Cash & Carry» алматылық супермаркеттер желісі 3 млн теңгеге азық-түлік өнімдерін жіберді. «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ және «Аtacom» ЖШС, сонымен Алматының бірқатар кәсіпкерлері 1 млн теңгеден аударды. Қолдау көрсету жалғасуда. Көптеген бизнесмен Өңірлік кәсіпкерлер палаталарына қаражат аударып, гуманитарлық көмекті жасырын түрде көрсетуге  дайын екендерін хабарлап жатыр.

 Кешелі бері «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі» ашқан шотқа Арыс қаласында зардап шеккен тұрғындарға көмек ретінде 18 млн теңге түсті. Қаражатты кәсіпкерлер және Қазақстан азаматтары жіберіп жатыр.

 Өз тарапынан Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы қызметкерлердің бүкіл штатын жұмылдырды. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және аудандық филиалдар жанынан кәсіпкерлерден  көмек қабылдау пунктері ашылған болатын. Түркістан қаласында 9 эвакуациялық пункт ашылды, әрқайсысында еркітілер ретінде Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері кезекшілік атқарып жүр. Тура осындай штаб Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатсында жұмыс істеді.

 Естеріңізге салсақ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерін Арыс қаласында төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсетіп, мүмкіндігінше көмек беруге шақырды. Көмек қаражатын жинау шотын «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі ашты. Қаражатты компьютер немесе смартфон арқылы сілтемеге өтіп («Көмек бергім келеді» батырмасы), аударуға болады.

Нұр-Сұлтан қаласында гуманитарлық көмек жинау штабы «Менің Атамекенім» жобалық алқаның коворкинг орталығында Достық 5, IQ coworking, 9-кеңседе ашылған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер