«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Halyk Bank жас кәсіпкерлерді жеңілдікпен несиелеуге өтінім қабылдауды бастады

2019 жылғы 21 Маусым
19857 просмотров

Қазақстан Халық банкі (Halyk Bank) жастар бизнесін кепілсіз жеңілдікпен несиелеудің «Zhas Halyk» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауға арнайы сайт құрды, онда жұмыстың алғашқы күнінде жас кәсіпкерлердің 40-тан астам өтінімі тіркелді

Банк маусым айының басында Жастар жылы аясында «Zhas Halyk» жастар кәсіпкерлігін кепілсіз жеңілдікпен несиелеудің бағдарламасын жариялап, оның жүзеге асырылуына 1 миллиард теңге бөлді.

Шарттар бойынша стартап немесе жұмыс істеп тұрған бизнес шеңберіндегі бизнес-идены жүзеге асыруға, 7 жылға дейін, кепілзатсыз және комиссиясыз жылдық 5%-бен 15 млн теңгеге дейін несиелер 21-30 жас аралығындағы  кәсіпті енді бастаған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге беріледі.

 «Жеңілдікпен несие алудың басты шарты тартымды бизнес-иедяның болуы, оны сауатты негіздеу қажет. Несие алушылардың ыңғайлығына қарай сайтта бизнес-жоспардың үлгісін жүктеп қойдық. Үлгідегі барлық сұрақтарға жауап беріп, оны барынша егжей-тегжейлі толтыру маңызды», – дейді Halyk шағын және орта бизнес департаментінің директоры Альфия Жексенбай

Департамент директоры банк шынайы бизнесті ғана несиелейтінін және делдалдық қаржы қызметттер көрсетуді қаржыландыру бойынша өтінімдерді қарастырмайтынын айтты.  

 «Қазақстан Халық банкі» АҚ отандық бизнесті ірі несиелеуші, мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша көшбасшы. 2019 жыл 1 сәуірдегі деректерге сәйкес банкте шағын және орта бизнестің 280 мыңнан астам клиентіне қызмет көрсетілген. Соның ішінде 7 мың қарыз алушыға 23 мың несие берілген. Шағын және орта бизнестің несие портфелі 478 млрд теңгені құрады, ал өткен жылдың соңында бұл көрсеткіш 494 млрд теңгені құрағн болатын, төмендеу маусымдық факторға байланысты.  Қаржыландыру көлемі бойынша Банк отандық нарықтың шамамен 39%-ын алып отыр.

 Естеріңізге салсақ, «Zhas Halyk» несиелеу бағдарламасын «Қазақстан халық банкі» АҚ Басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова Atameken Fest алаңында таныстырған болатын.

 Анықтама үшін:

Ашық ақпарат көздеріне сәйкес, түрлі әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде жастардың 50%-ы бизнеспен айналысуға дайын екенін анықталған. Алайда, отандық екінші деңгейлі банктерден несие алудағы негізгі кедергі – шағын және орта бизнесті несиелеудің жоғары пайыздық мөлшерлемелер (респонденттердің 85%-ы)  және несие алудағы жоғары талаптар – кепілзат, бастапқы капиталдың болуы (респонденттердің 82%-ы). Ал несие алған жеке кәсіпкерлердің 3%-ын ғана жас кәсіпкерлер құрайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер