«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елордалық автобус парктері шығынға батуда

2019 жылғы 20 Маусым
- Астана қаласы
4917 просмотров

Қала әкімдігі тасымалдарды субсидиялауға қажетті қаржы бөлмегендіктен Нұр-Сұлтан қаласының автобус парктері банкротқа ұшырауы мүмкін 

Елорданың автобус парктері қала бюджетінен жолаушылар тасымалын субсидиялауға қарастырылған қаражатты әкімдік бөлмегені себепті шағымданып, Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгінді. Аталған өтінім Ирак Елекеевтің төрағалығымен өткен Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің кезекті отырысында талқыланды.

Қазақстан Республикасының заңнамасы қалалық және қала маңындағы қозғалыста әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын  тасымалдаушылардың шығындарын жергілікті атқарушы органдар тарапынан субсидиялауын қарастырады. Осы тасымалдарға тарифтерді қала әкімдігі белгілейді. 2014 жыл тамызда елордада жол жүру құны 90 теңге мөлшерінде белгіленді. Ал тасымалдаушылардың есептеуінше, тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау бойынша қызмет көрсетудің шынайы құны 255 теңгені құрайды. Осы сандар арасындағы айырмашылықты әкімдік өтейді.

«Алайда қазіргі таңда әкімдіктің бірқатар автопарктер алдында қарызы  бар. Мәселен, «№5 автобус паркі» ЖШС, «BUS» компанияларына әкімдік 44 млн теңге қарыз, осыған байланысты автопарк салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер, қызметкерлердің еңбекақысы, банк несиелері, жанармай, автобөлшектер бойынша шығындарды жаба алмай, қарызданып қалды», – деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлім бастығы Нұржан Букин.

Соңғы бес жыл ішінде дизель отынының құны 114 теңгеден 193 теңгеге дейін өскенін, жүргізушілердің еңбекақысы жоғарылап, автобөлшектер мен мотор майы қыбаттағанын атап өткен жөн.

«Мамыр айы ішінде біз 21 млн 864 мың теңгеге 242 944 жолаушыны тасымалдадық. Демек, біз тапқан ақшамызды ала алмай отырмыз», – деді отырыс барысында № автобус паркінің директоры   Иван Захарчук.

Оның орынбасары Галина Сарычеваның айтуынша, әлем бойынша жолаушылар тасымалдау құны жанармай бағасынан арзан болатын жағдай жоқ.  

 Автопарктер LRT электронды жүйесіне тікелей қолжетімділіктің болмауына шағымданды. Аталмыш жүйе тасымалдар санын, соның ішінде бір сағат ішінде жолаушылардың тегін тасымалын есептеп отырады.

 «Біз LRT ұсына алатын нәрсені ғана көріп отырмыз, тікелей қолжетімділігіміз жоқ. Бізге не беріледі, соны ғана көреміз. Жеңілдікпен тасымалдау немесе жол жүру билетіне қатысты болса, онда коэффициент белгіленеді. Ол барлық парктерге  орташа мәнде алынады. Бұл тұста да ашықтық жоқ», – деп атап өтті №2 автопарк өкілі.

 Оның айтуынша, тасымалдаушылар және Astana LRT арасындағы келісімге сәйкес   LRT әр 10 күн сайын төлем жасап отыруы керек, алайда іс жүзінде төлемдер орындалмаған.

 «Егер бізде жанармайға күніне 1,5 млн теңге жұмсалса, біз 700 мың аламыз, яғни тапшылық орын алатыны түсінікті. Біз жеткізішулермен кепілдік хаттар бойынша жұмыс істейміз, «бізге алдын ала қарызға беріңіз» деп сұраймыз. Өйткені бір күні бізге аванс төленеді. Ал аванстар бойынша мерзімдер: бірінші аванс әр айдың 5 күні, содан  кейін 15-і, 25-сі деп белгіленген. Біз үнемі ақша сұрап жүреміз», – деді №2 автопарктің өкілі.

 Елорда тасымалдаушылары жолаушылардың бір сағат ішінде тегін аусып отыру құқығы да автобус парктеріне материалдық шығын әкелетінін айтты. Мәселен, №5 автобус паркі 2019 жыл ішінде жолаушылардың тегін ауысып отыруы салдарынан 29,4 млн теңге көлемінде шығын көрген.

 Ситуацияны түсіндіруге тырысқан Astana LRT басқарма төрағасының орынбасары Бейбіт Есжанов компанияның негізгі қызметі – диспетчерлікті орындау және жол құнын электронды төлеу екенін айтты.

 «Автобус парктерімен келісімге келсек, онда автоматтық-құқықтық қарым-қатынастар шеңберінде келісімдеріміз бар. Біз апта сайын бас қосамыз, мәселелер бар, олар шешілуде. Онда барлық автопарктер қатысуда. Автопарктерді ешкім мәжбүрлеген жоқ, бәріне қол қойдық енді  келісімдеріміз шеңберінде жұмыс істеп жатырмыз. Субсидиялауға келер болсақ, Astana LRT-ның оған ешқандай қатысы жоқ. Біз орындайтын жалғыз нәрсе қанша валидация жүргізілгені туралы мемлекеттік органға есеп өткіземіз. Ашықтықты айтатын болсақ, бағдарламалық жабдық әр автопаркте орнатылған және барлық құрылымдық бөлімшелер тиісті оқудан өткен. Бас бухгалтер ақпараттан хабарсыз болғаны біздің мәселе емес. Ай сайын салыстыру акті мен есепті жүргізіп отырмыз», – деді Бейбіт Есжанов.

 Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Көлік басқармасы бөлімінің төрағасы Тұрсынбек Жакенов олар 2019 жылға 15,7 млрд теңгеге бюджеттік өтінім бергенін, оның ішінде небәрі 3,9 млрд теңге мақұлданғанын айтты.

 «Осы соманы автобус парктеріне төлеп жатырмыз, бірақ парктер көтеріп отырған қарыздарды өтей алмаймыз, өйткен бюджет сұралған соманы толық мақұлдаған жоқ. Мәселе сонда ғана, 2018 жылғы қарызды біз енді реттейтін боламыз», – деп атап өтті Жакенов.

 Елорда әкімдігінің Көлік және автомобиль тасымалдары басқарамасынан басқа (басқарма өкілдері жиынға келмеді) барлық тараптарды тыңдап, кеңес мүшелері жергілікті атқарушы органға орын алған ситуацияны түсіндіру бойынша тиісті хат жолдау туралы шешім қабылдады, өйткені мәселе әлеуметтік мәнге ие және қала автопарктерінің банкрот болуына әкеп соғуы мүмкін.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер