«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

СҚО БИЗНЕСІ МЕНЕДЖМЕН ЖҮЙЕСІ МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДА БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ.

2019 жылғы 20 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
7594 просмотров

«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан филиалы ағымдағы жылдың 11 мен 13 маусымы аралығында техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру бойынша оқыту семинарын өткізді.

 

Семинардың мақсаты - техникалық реттеу, стандарттау, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және жетілдіру.

  Семинар барысында қатысушыларға келесі негізгі тақырыптар бойынша дәріс материалдары ұсынылды: Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың техникалық реттеудің шарттық-құқықтық базасы, метрология саласындағы заңнаманың  жаңалықтары, менеджмент  жүйесінің сертификаттау саласындағы жаңа тәсілдері, ЕАЭО және Қазақстан Республикасының стандарттау жүйесі.

  Сонымен қатар «Бөтелкеленген ауыз судың қауіпсіздігі бойынша техникалық регламенттерді қолдану ерекшеліктері, соның ішінде табиғи минералды су (EAЭО TР 044/2017)», «Өрт қауіпсіздігі және өрт сөндіруге қойылатын талаптар туралы (ЕАЭО ТР 043/2017)» қарастырылды.

Шығарылған өнімін техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келетін  Кәсіпорын техникалық регламентті енгізуге уақытылы дайындалып, оның күшіне енген күннен бастап оның талаптарын ұстануға тиіс. Облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарының мамандары Кеден одағы мен ЕАЭО шеңберінде техникалық регламенттер, сондай-ақ сәйкестікті бағалау бойынша кеңес алды. Халықаралық, мемлекетаралық, әртүрлі елдердің ұлттық стандарттары өнімдеріне, жұмысына және қызметтеріне, сондай-ақ әртүрлі салалық стандарттарға қосымша талаптарға талдау жасау негізінде сапа менеджменті жүйелеріне жүгіну үшін белгілі бір ұйымға ең лайықты талаптар анықталды.

Семинардың әрбір тақырыбына қатысты нақты ақпарат пен түсініктемелерді халықаралық стандарттарды енгізу саласындағы жетекші сарапшылар, бас кеңесшілер және сертификатталған сарапшылар - техникалық реттеу, сапаны менеджменті, стандарттау және сертификаттау жүйесінің аудиторлары ұсынды.

Қазақстандық бизнеске жыл сайын осындай семинарларда оқуға мүмкіндік беріледі, онда техникалық реттеу және стандарттау саласындағы өз мүдделерін қорғауды үйренуге болады және жұмысты оңтайландыру мәселелері бойынша бірқатар шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Семинар нәтижесінде облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарының техникалық реттеу және стандарттау саласындағы кәсіби деңгейін арттырған 70-тен астам мамандар өздерінің сұрақтарына толыққанды  және жан-жақты жауап алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер