«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда кәсіпкер банк қызметтерінің қолжетімсіздігіне шағымданды

2019 жылғы 20 Маусым
- Алматы қаласы
4992 просмотров

Кәсіпкердің айтуынша, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен «Forte Bank» АҚ жұмыс істемейді.

«Aksunkar Store» ЖШС-нің шағымы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің отырысында қаралды. Мемлекеттік бағдарлама аясында банк кәсіпкерге жеңілдетілген несие беруден бас тартқандығы белгілі болды. 11.03.2019 жылы Forte Bankке ұсынған бизнес-жоспарға сәйкес, компания 19 240 000 теңге сомасында қаржыландыру алуды жоспарлаған, ол үшін құжаттарды ұсынып, нарықтық құны 14 175 000 теңгені құрайтын үй-жайға баға берілген. Үй-жай банкке кепілге («Восточка» ТК тұрғын емес үй-жайы) қойылады, ал қалған жетіспейтін бөлігін «Даму» қорының кепілдігімен қамтамасыз етіледі деп жоспарланған.

   «Компания кондитерлік тағамдарды пісірумен айналысуды (шағын наубайхана) жоспарлаған және оны сол дүкенде іске асыруды ойластырған. ЖШС-да 10 жылдан астам тамақ өнімдерін жасаумен және сату саласында жұмыс тәжірибесі бар, сондай-ақ, бұл бизнес үздіксіз дамып келеді. Аталған жобаны іске асыру үшін компания жұмыс орындарын (4 жұмыс орны) құруды және тұрғын үй кешенінің тұрғындарын жаңа піскен тәтті тоқаштармен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Forte Bank филиалының несие комитетінің шешімімен 11 500 000 теңге мөлшеріндегі қарыз сомасы мақұлданды. Аталған қарыз сомасы «кондитерлік – наубайхана» бизнес-жобасын іске асыру үшін жеткіліксіз болғандықтан, ЖШС шешімді қайта қарауға өтініш жасап, қарызды қайта сұраған. Бұл ретте ЖШС басқа банктердегі бірнеше несиелерін жабу арқылы, сондай-ақ «Мирас Store» ЖК кепілдендіріп, өзінің несие беру тарихын жақсартқан» – деп баяндады Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау бөлімінің басшысы Салтанат Лесбаева.  

  Мемлекеттік бағдарламаның талаптарына сәйкес, ЖШС басшысы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша оқудан өткізілген болатын.

 «Қазіргі таңда менде азық-түлік сататын шағын дүкенім бар, сауда өте жақсы дамыған. Тұрғын үй кешенінде әрдайым жаңа піскен тәтті тоқаштар болу үшін, кондитерлік өндірісті ашуды ойладым. Мен өзімді алған қаражатымды төлеуге, қабілеттім жететін адаммын деп ойлаймын, неліктен банктің менің өтінішіме қатысты бас тартқанын түсінбедім. «Атамекеннің»  арқасында екі күн ішінде бизнес-жоспар дайындадық, барлық құжаттарды әзірлеп оны «Forte bankке» ұсындық. «Forte bank» – мемлекеттік ақшаны тез игеретін ең үздік банктердің бірі. Берген құжаттарды 11 наурыз күні өткіздім, ал олар маған жауапты белгіленген мерзімнен кеш берді. 4 ай жүрдім! Мен ісін жаңа бастаған кәсіпкер ретінде оларға құжаттарды ұсындым, ЖШС қайта ашдым, яғни ережелерде жазылғандай бастаушы кәсіпкер үшін 15% кепілдік жеткілікті, бірақ олар менен 100% талап етті. Бұл қалай болғаны? Бағдарлама бар, қосымша Даму кепілдігі бар, егер қаражат жетіспесе мен 3,5 млн теңге беремін... Сонымен қатар, мен бүгінгі күнге дейінгі барлық кредиттерді жаптым. Мемлекет тарапынан бизнесті дамытуға ақша бөлінеді, алайда банктер кәсіпкерлерге барынша кедергі келтіреді», – деп «Aksunkar Store» ЖШС директоры Бақтығали Қауменов атап өтті.

  Forte Ваnк өкілі бас тарту туралы шешімге түсініктеме берді.

  «Өтінімді қарауды бұзуға қатысты. Оны қараудың нақты мерзімдері бар. Банк пен заңның ішкі нормаларына сәйкес объектіге шыққан жағдайда мерзімдер ұзартылады. Қосымша сәуір айында ұсынылған құжаттар сұратып алынады. «Даму» қорының кепілдігін банк заңсыз қабылдамайды. Атап өткім келеді, бұл растау табылмады. Аралық филиал несие комитетінің шешімінде біз клиентке 11,5 млн теңгені мақұлдадық. Хаттамалар құрылымында қор кепілдігі бар. Бүгінгі таңда басқа да көптеген жобалар бар, солардың шеңберінде біз «Даму» қорының кепілдігін белсенді пайдаланамыз және оларды қолдану бойынша Алматы қаласындағы филиалмен белсенді жұмыс жүргізудеміз. Банктің пікірі бойынша, сұратылған кредитті өтеу үшін берілген кірістер жеткілікті болып табылмауына байланысты кәсіпкерге ауызша бас тарту берілді», – деп айтты «Forte Вank» АҚ өкілі Аманжол Кәрібаев.

 Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары аталған бас тарту, келесі негіздер бойынша заңға сәйкес келмейді деп санайды:

1. Бас тарту нысаны заңнама талаптарына сәйкес келмейді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі №136 қаулысымен бекітілген «Банктік қызмет көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызмет көрсету процесінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларының» 9-тармағына сәйкес Банк тиісті шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күніне дейінгі мерзімде Клиентті бас тарту себептерін көрсете отырып, клиенттермен жұмыс істеу тәртібі туралы банктің ережесінде көзделген тәсілмен, банк 29.04.2019 жылғы жобаны қаржыландырудан бас тартуға себептері жоқ, бұл бас тарту нысанына қойылатын заңнама талаптарын бұзады. Банктің аталған іс-әрекеттері ЖШС-нің осы бас тартуға шағымдану құқығын бұзады, себебі банктің ішкі актілеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме жасай отырып, ресми және дәлелді негіздемесі іс жүзінде жоқ.

2. Жоба уәкілетті орган тарапынан қаралған жоқ.

Аталған бас тарту заңға сәйкес келмейді, себебі бас банктің уәкілетті органы – шешім қабылдау орталығында жоба шығарылмаған және қаралмаған, бұл қаржыландыруға арналған өтінімдерді қарау тәртібін өрескел бұзу болып табылады. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген, кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережесінің 9-тармағының 11-тармақшасына сәйкес, Банктің уәкілетті органы көрсетілген қорытындылардың (сараптамалардың) негізінде кредит беру туралы немесе кредит беру шарттарына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды не кредит беруден немесе кредит беру шарттарына өзгерістер енгізуден бас тартады. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының 34-бабының 9-тармағына сәйкес, банктің кредиттік комитеті ішкі кредит саясатын жүзеге асыратын орган болып табылады. Осылайша, Заңда екінші деңгейдегі банктің уәкілетті органының банктің кредиттік комитетінің шағын бизнес субъектісіне кредит беруге барлық өтінімдерін міндетті түрде қарауы тікелей көзделген.

3. Өтінімді қарау мерзімін бұзу.

«Банктік қызмет көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызмет көрсету процесінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау ережесінің» (бұдан әрі - ереже) 24-тармағына сәйкес, банктің банк клиенттерінің өтініштерін қарауы «жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында және Ережеде белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - заң) 1 - бабы 1-тармағының негізінде, тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға жәрдемдесу туралы өтініш-өтініші. Заңның 8-бабының 1-тармағына сәйкес қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілмейтін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады. Банк ЖШС өтінішін 11.03.2019 ж.алған, ал бас тарту түріндегі жауап тек 29.04.2019 ж. ұсынғандығын назарға ала отырып, банк өтінішке жауап беру мерзімін екі еседен астам уақытқа өткізіп алған. ҚР ӘҚБтК-нің 189-бабының 1-бөлігіне сәйкес ірі кәсіпкерлік субъектісінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзуы, заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Банк Қарыз алушының «Aksunkar Store» ЖШС «Даму» Қорының кепілдігін беру мүмкіндігін заңсыз қабылдамайды.

Бағдарламаның 5.2. тармағындағы ЕКІНШІ бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

1) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;

2) ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда шағын кредит беруді кеңейту;

3) ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру;

4) жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру.

 Сонымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы №84 бұйрығымен бекітілген, Қалаларда микроқаржы ұйымдары/Екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларының   5-тармағына сәйкес Бағдарлама шеңберінде шағын қалаларды қоспағанда, салалық шектеусіз және кәсіпкерді тіркеу орнын есептемегенде, барлық қалалар мен моноқалаларда өз жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер бағдарламаның қатысушылары бола алады.

 Көрсетілген Қағидалардың 23-тармағына сәйкес, екінші деңгейдегі банк МҚҰ/ЕДБ ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес, кәсіпкердің өтінішін дербес қарайды, жобаға кешенді сараптама жүргізеді, кәсіпкер ұсынған құжаттарды, кәсіпкердің қаржылық жай-күйін талдайды, кәсіпкер ұсынған кепілдік мүлікті бағалау туралы қорытындының негізінде кәсіпкерді қамтамасыз етудің кепілдік құнына бағалау жүргізеді және қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда кәсіпкердің кепілдік құнын бағалауды жүргізеді, кепілгердің ішінара кепілдігімен кредит/микрокредит беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.

 Кәсіпкердің өтінімі бойынша банк маманы кепілді мүлікті тексеруге шықты. Бұл ретте банкке кепілге беру жоспарланып отырған тұрғын емес үй-жайды сатып алу шартына сәйкес құны 14 000 000 теңге, ал тәуелсіз бағалаушының есебі бойынша нарықтық құны 21 000 000 теңгені құрады. Алайда түсініксіз жағдайлар бойынша, банктің кепілдік құны 11 000 000 теңгеге белгіленген, бұл әділетсіз және заңды емес, өйткені құны негізсіз айтарлықтай төмендетілген.

   ЖШС ұсынысына мүлік жетіспеушілігі бар деп «Даму» Қорының кепілдігімен, банк маманымен «кепілдік оның өтімсіздігіне байланысты қабылданбайды» деп жауап берілген. Осылайша, банк ЖШС-нің бағдарламаға қатысушы ретінде бизнес-жобаны іске асыру үшін, қарыздың қажетті сомасын алу үшін кепіл мүлкі құнының жеткіліксіздігіне байланысты кепілдік алу құқығын бұзды. Ережелерде Даму Қорының кепілдігі бар, алайда аталған ереже нормасын Банк елемсіз қалдаырған. 

         «Forte Bankте мемлекеттік бағдарлама жұмыс істемейді, себебі: кәсібін жаңа бастаған кәсіпкер «Даму» қорының кепілдігін қаржыландыруды алу және бизнес-жобаны іске асыру үшін пайдалану құқығын, банк елемейді; бастаушы бизнеске өте қиын және жобаны іске асыруға жеңілдетілген несие алу мүмкін емес (банк тарапынан кедергі келтіріледі); банк өтінімдерді қарау мерзімін бұзады; банк себепсіз бас тартады», – деп түйіндеді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер