Отандық кәсіпкерлер Қытайда өтетін сауда-экономикалық миссияға қатысады
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы отандық бизнесмендерді сауда-экономикалық миссияға қатысуға шақырады. Іс-шара 8-9 тамыз аралығында Қытайдың Сиан қаласында өтеді
Миссияға ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік тауарлар, азық-түлік, халыққа арналған тауарларды өндірумен айналысатын отандық компаниялар қатыса алады. Негізгі мақсат – тікелей байланыстарды орнату, қазақстандық кәсіпорындар және әлеуетті сатып алушылар арасында сауда қарым-қатынасты белсендіру, екіжақты кездесулерді өткізу.
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы келесі шығындарды өтейді:
-Сауда-экономикалық миссияны өткізуге арналған жабдықталған мәжіліс залын жалдау;
-Сауда-экономикалық миссияны өткізу күні кофе-брейк пен түскі ас ұйымдастыру;
-Қазақстандық қатысушылардың орналастыру (бір кәсіпорын 1 адамнан көп емес және миссияны өткізудің ресми күндері ғана);
-Миссия өтетін елдегі қазақстандық қатысушылардың трансферы;
Ұшу-қону, тәуліктік және басқа да шығындарды қатысушылардың өздері көтереді.
Қатысу үшін өтінімдерді 8 шілдеге дейін жіберу қажет. Миссияға қатысу сұрақтары бойынша жауапты Қызыр Қастер, тел: + 7 7172 279054 (ішкі: 214).
Пікір қалдыру:
Пікірлер: