«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жамбыл облысының іскер ханымдары семинарға жиналды

2019 жылғы 18 Маусым
- Жамбыл облысы
2551 просмотров

Оған аудандардан 40-тан астам кәсіпкер әйел қатысты

 Бүгінгі таңда ауылды өңірлердегі кәсіпкерлік- ауылды елді мекен тұрғындарына жақсы өмір сүруге мүмкіндік беретін сала болып табылады. Ауылдық әйелдердің ұйымдастырушылық дағдылары, жақсы басқарушылық қабілеті бар, бизнесті жүргізудің маңызды мәселелерін шешуде қатаң әрі қағидатты болып табылады. Ауыл әйелінің жағдайын өзгерту және іскер қауымдастықтың экономиканың дамуына үлес қосатын табысты жеке кәсіпкер бола алатынын көрсетіп, қолдау көрсету үшін ҚР ҰКП «Атамекен» Іскер әйелдер кеңесі Азия даму банкінің қолдауымен ауыл әйелдері арасында «Ауылдық жерде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» тақырыбы бойынша семинар өткізді.

Ауыл әйелдеріне ауылды елді мекендегі кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары мен маңызды мәселелерді талқылау үшін облыстық Кәсіпкерлер палатасының кеңесші менеджерлері, екінші деңгейлі банктер және микро қаржы ұйымдары – Азия даму институты, Даму бағдарламасына қатысушыларының таныстырылымдары енді. Сонымен қатар қаржылық есептілікті қалыптастыру және жүргізу, бизнесті бастауға қажетті заңгерлік мәселелерді түсіну, қолжетімді несиелерді алуға құжаттарды дұрыс жинақтау және ұсыну жолдарына басымдық жасалды.

«Өз тәжірибемнен әйелдерге бизнесті құру үшін психологиялық, ақпараттық және қаржылық қолдау көрсету маңызды екендігін айта аламын. Ауылда кәсіпкерлікті, дәстүрлі түрде әйелдер бейім болып келетін салада –  жеке білім және медицина, қызмет көрсету саласы: шаштараз, химиялық тазалау, қоғамдық тамақтану, HoReCa-индустрия (Қонақжайлылық индустриясы) сегменттерінде дамыту маңызды. Сіздің кәсіпкерлік белсенділігіңіз – ауданның, аймақтың және жалпы елдің экономикалық өсімінің кепілі» – деп атап өтті Қызылорда облысының Іскер әйелдер Кеңесінің Төрайымы Жанна Аманова. 

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның Тараз қаласындағы аймақтық филиалының менеджері Капашов Бауыржан Ермекұлы кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасымен таныстырды, сондай-ақ, кәсіпкерлікті қолдау шаралары туралы "Микро-қаржылық ұйым" ЖШС өкілі айтып берді. Сондай-ақ, "FORTEBANK" АҚ Тараз қ. филиалының директоры Бекназарова Гүлзат Мұратқалиқызы, Дуйсенова Алия Бауржановна Тараз қаласындағы «Банк ЦЕНТРКРЕДИТ» АҚ бизнес клиенттерді кеңсе басқарушының міндетін атқарушы және Абаев Сағадат Ғалымұлы, Тараз қаласындағы

 «Банк ЦЕНТРКРЕДИТ» АҚ жеке кәсіпкерлер  секторының меңгерушісі, Тараз қаласындағы «Нұрбанк» АҚ филиалының директоры Джасенов Сәкен Фатыханұлы, «KMF» микро-қаржы ұйымы» ЖШС Жамбыл филиалының директоры Бимурзаев Құрманбек Есилбекұлы баяндама жасады.

 Кездесуде сондай-ақ, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Индира Молдабекова бизнес субъектілерінің заңды мүдделерін қорғау жайында, Қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Жанель Ильясова, Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Динара Садирова «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы туралы, «Атамекен Тараз» микроқаржы ұйымының менеджері Асель Есеналиева жеңілдетіген несие берудің жолдары туралы айтып өтті.

 Қазіргі таңда облыста 64 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Олардың 40%-ы бизнес-ханымдардың жетекшілігімен.

 Бүгінде шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан теңдессіз қолдау шаралары ұсынылуда. Экономиканың осы сегментінде ең көп кәсіпкер әйелдер жұмыс істейтіндігі кездесуде атап өтілді. Семинарға қатысушылардың пікірінше, әйелдер кәсіпкерлігінің басты мәселесі қолжетімді несие ресурстарының жетіспеушілігі болып отыр.

Айта кетейік, Азия даму банкінің қолдауымен «Атамекен» ұйымдастырған тегін оқу семинарлары еліміздің 15 өңірінде өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер