Қуаныш Бишімов «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы болып тағайындалды
«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Басқарма Төрағалығына Бишімов Қуаныш Ердәулетұлы тағайындалды, деп хабарлайды Премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Бұған дейін осы лауазымды атқарған Нұрмұхамбет Әбдібеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
Қуаныш Бишімов 1972 жылы 2 қаңтарда Қарағанды облысында туған. 1994 жылы Қарағанды политехникалық институтты «инженер-механик» мамандығы бойынша аяқтады, 2001 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік универсиетті «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған
Еңбек жолын 1994 жылдан Техникалық бақылау бөлімінің механик-инспекторы, Қарағанды №3 автобус паркінің диспетчері болып бастаған.
Көп жылдар бойы кеден органдары, ҚР Экономика және сауда министрлігі, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің бөлімдерінде қызмет атқарған.
2003-2005 жылдар аралығында «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Қорғаныс өндірісі департаментінің директоры, Жобаларды басқару және техникалық дамыту департаментінің директоры болды.
2005-2017 жылдар аралығында «Тыныс» АҚ бас директоры, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ бас директоры, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ вице-президенті қызметтерін атқарған.
2017 жыл желтоқсан айынан бастап 2019 жыл маусым айына дейін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: