«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркістандық кәсіпкерлер индустриялық сертификаттың артықшылықтарымен танысты

2019 жылғы 14 Маусым
- Түркістан облысы
8771 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлерге индустриялық сертификат алу жолдары мен артықшылықтары егже- тегжейлі түсіндірілді.

Іс-шара Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Берік Кенжебаев, тауарды сертификаттау бойынша маман Дәулетияр Әліповтың және өңір кәсіпкерлерінің қатысуымен өтті.

Кездесуді ашқан, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Берік Кенжебаев 1 шілдеден бастап сатып алуларға қатысуда индустриялық сертификат талап етілетіндігін жеткізді. ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру ережелеріне тиісті өзгертулер енгізді. Өзгерістерге сәйкес «қарапайым заттар экономикасы» тауарларының сатып алуларына білікті жеткізушілер тізілімге енген өндірушілер ғана қатыса алады. Тізілімге енудің жалғыз критериі – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен берілетін индустриялық сертификатты иелену.

 «Индустриялық сертификат иесін отандық тауарлар мен қызметтерді толыққанды өндіруші екенін растайтын өндірістік төлқұжат. Осы құжаттың көмегімен импортты алмастыру процесі сатып алуға нағыз өнеркәсіпшілерді өткізетін және өнімді импорттай отырып, «Қазақстанда жасалған» жапсырмасымен жабылатын адамдарды бөліп шығаратын тиімді сүзгі болмақ. Сертификаттаудың ерікті сипатына қарамастан, кәсіпкерлерге индустриялық сертификаттың болуы көптеген артықшылық беретінін ескере отырып, белсенді қатысуға шақырамыз. Ал біз Палата өз тарапымыздан кез келген ұсыныстар, ескертулер, кеңестер үшін әрқашан ашықпыз», – деп атап өтті Берік Кенжебаев.

Түркістан облыстық кәсіпкерлер Палатасының тауардың шығу тегін сертификаттау бойынша маманы Дәулетияр Алипов бизнесмендерге сертификат алудың әдістерін айтты.

«Индустриялық сертификаттың тауарларға рәсімделетін СТ-KZ-тен айырмашылығы өндірушіге өндірістің барлық түріне беріледі. Индустриялық сертификаттар алу үшін кәсіпорын отандық өндірушілер тізіліміне қосылу үшін электронды doc24.kz сайтында тіркелу қажет», – деп атап Дәулетияр Алипов.

Тізілімге енгізу ерікті және өтеусіз негізде 7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Өндіруші тізілімге 3 жыл мерзімге (жыл сайынғы ұзарту мүмкіндігімен) енгізіледі.

Сертификатты алу процедурасы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде сарапшы мамандар кәсіпорын тапсырған құжаттар топтамасын қарап шығады, кейін өндірістің жағдайына барып, талдау жүргізеді де берілген мәліметтерге сәйкестігін салыстырады.

Екінші кезеңде салалық сарапшының қабылдаған шешімі негізінде Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы сарапшысы жергілікті атқарушы органның қатысуымен өндіріске толық тексеру жүргізеді. Осылайша, кәсіпорын кезең-кезеңді бақылауды өтеді, нәтижесінде отандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізіледі.

Индустриялық сертификаттың болуы түркістандық кәсіпкерлерге бірқатар артықшылық береді. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алуларға қатыса алу; «Самұрық-Қазына» холдингінің  тауар өндірушілер тізіліміне қосу; «Самұрық-Қазына» қорының алдын ала біліктілік іріктеуінде жиналған баллға 20% есептеу; сыртқы нарықта отандық тауар, жұмыс, қызмет түрлерін ілгерілетуге кеткен шығындар өтеледі.

Индустриялық сертификат алу бойынша сұрақтарыңыз болса Түркістан қаласы, Қожанов көшесі 42 мекенжайы бойынша облыстық Кәсіпкерлер палатасына жүгінуге болады. Анықтама телефоны: +7(7253) 359-898.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер