Кәсіпкерлер заңнамаларды жетілдіру процесіне онлайн-режимде қатыса алады
«Бизнес және Заң» жобасы кәсіпкерлерге заң жобалары мен нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын зерттеуге, сондай-ақ құжаттарға өз ескертпелерін енгізуге мүмкіндік береді.
Бизнес мүддесіне қатысты кез келген заң жобасы немесе нормативтік-құқықтық актінің жобасын әзірлеу жұмысы «Атамекен» және бизнес-қоғамдастықтың қатысуынсыз өтпейтіні белгілі.
Егер заң жобасы бизнеске қатысты болса, онда құжат міндетті тәртіпте Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қарауына жіберіледі. «Атамекен» ҰКП сарапшылары кәсіпкерлер пікірін тыңдап, барлық ұсыныстар мен ескертпелерді жинақтап, мемлекеттік органдарға жібереді.
Осыдан бес жыл бұрын мемлекеттік органдар бизнес ұсынысының шамамен 30%-ын ғана ескерсе, қазірға таңда бұл көрсеткіш 75%-ға жетті. Бұл жайт кәсіпкерлер дайын нормативтік-құқықтық актілер жобаларына сараптама беріп қана қоймай, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасымен бірге құжаттардың «нөлдік» деңгейінен қалыптасуына, яғни тұжырымдаманы талқылау кезеңіне қатысуымен байланысты.
Заң нормасын құру процесіне кез келген кәсіпкер кеңсе немесе үйден шықпай-ақ қатыса алады. Ол үшін atameken.kz сайтында ҰКП және «BestProfi» компаниясы әзірлеген «Бизнес және Заң» арнайы жоба іске қосылған. Ресурс кәсіпкерлерге қолданыстағы заңнамаларға мемлекеттік органдар ұсынған өзгерістерге дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді.
Бизнесмендер өз ұсыныстарын өздері немесе Палата сарапшылардың көмегімен енгізе алады: әр құжат астында қызметкердің байланыс номері жазылады номер арқылы хабарласып, кеңес алып, пікір қалдыруға болады. Тура осындай мүмкіндік әлеуметтік желілер мен Facebook мессенджерлерінде және telegram каналында берілген
Қызмет етудің бес жылы ішінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы нормативтік-құқықтық актілер жобаларына 26 800-ден астам сараптамалық қорытынды жасаған, соның ішінде 569-ы заң жобалары бойынша берілген. Сарапшылық қызметке «Атамекеннің» құрылымдық бөлімдері мен Өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен қатар Төралқа комитеттері және аккредиттелген 141 қауымдастық та жұмылдырылған.
«Бизнес және Заң» – іскерлік ахуалды бірге жақсартайық!
Пікір қалдыру:
Пікірлер: