«Атамекен» келісімшарттық міндеттемелерін орындамаған мемлекеттік органдарға қатысты жазаны күшейтуді ұсынды
Мемлекеттік органдармен келісімшарттық қатынастардағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселесі «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысында талқыланды
Мемлекеттік органдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері тарапынан келісімшарттық міндеттемелердің бұзылуы кәсіпкерлерге ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің өзіне залал келтіретінін атап өткен жөн.
«Бұл салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердың қажетті деңгейде түспеуіне әкеп соғады, келісімнің шарттарын орындамау салдарынан айыппұлдық санкциялар өндіріледі, кәсіпкерлердің дауларды шешуде заңгерлік көмекке кететін шығындары өседі», – деп атап өтті Кеңестің төрағасы Қайырбек Сүлейменов.
Өкінішке қарай, Азаматтық кодекстің 111-бабына сәйкес мемлекет және бизнестің келісімшарттық қатынастардағы теңдігі декларация болып табылады және реформалауға жатады. ҚР Праламенті Мәжілісінің депутаты Кеңес Абсатировтың айтуынша, аталған практика салық төлеу, несие бойынша қарыз төлемдері, сондай-ақ, еңбекақыны кешіктіру және беделді жоғалтуға байланысты бизнеске ауыртпалық әкеледі.
«Ең бастысы, осындай оқиғалардан кейін мемлекетке деген сенімсіздікті байқаймыз. Шығынды бизнес қана емес, мемлекеттік бюджет те көреді, өйткені сот даулары сот шығындары мен адвокатқа төленетін гонорарды талап етеді. Мемлекеттік органдар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша міндеттемелерін орындамағаны мәселеге мысал бола алады. 2015 жылы объектілерге инфрақұрылым тарту бойынша жақсы бастама қолға алынған болатын. Аталған бастаманы алып тастады, бірақ осы бағыт бойынша келісімшарт жасаған адамдар ештеңесіз қалды. Осы ретте Жобалық сметалық құжаттарды дайындауға жеке немесе қарызға алынған қаражат жұмсалған», – деді Кеңес Абсатиров.
Спикер қазіргі таңда жария-құқықтық және жеке құқықтық бастамалардың араласуы орын алуда. Бұған мемлекеттік органдардың жеке сектормен келісімшарттық қатынастарда болуы азаматтық заңнамадан бөлек, басқа да заңдармен регламенттелетіні себеп.
Мемлекеттік органдардың әрекетсіздігіне «Жақсытұз Петропавл» ЖШС директоры Ерік Әзенов тап болған. Ас тұзын өндіру зауытын Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында орналасқан «Жамантұз» кен орнында салу жоспарланған. Өндіріс қуаты жылына 80 мың тоннаны құрайды. Алайда 2016 жылдан бастап кәсіпкер мемлекеттік органдардың назарын аудара алмай келеді.
«Кен орны шағын, сондықтан сырттан инвестор тартуға мүмкіндік жоқ. Біз мемлекетпен келісімшарт жасадық, келісімшарттың міндеттемелері жергілікті атқарушы органдар тарапынан орындалмай келеді. Мен Солтүстік Қазақстан облысында өткен үш соттың жеңіп шықтым, сот әкімдікке қатысты қаулылар шығарды, алайда орындап жатқан әкімдік жоқ», – деп бөлісті мәселесімен Ерік Әзенов.
Бұдан бөлек сот шығындары мен адвокаттарға төленетін еңбекақы ретінде мемлекетке экономикалық зиян келтірілуде. Бизнес өкілдерінің пікірінше, қазіргі таңда сот корпусында мемлекет мүддесін қалай да қорғап қалу тенденциясы сақталып келеді.
Есеп комитетінің деректері бойынша, мемлекеттік органдар 2017 жылы бизнеске 40 млн теңге қарыз болған. 2018 жылы 9 млрд теңге көлемінде 1000 атқару құжаты орындалмаған.
ҚР Жоғарғы Соты азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мейрамбек Таймерденовтың айтуынша, бүгінде мемлекеттік қызметкерлердің заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартуды қатаңдату шаралары қарастырылуда. Әзірге келісімшартты бұзған тарапқа айппұл салып немесе мүлікке шектеу қоюға болмайды.
Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Әділет министрлігі, Жоғарғы Сот және Бас Прокуратураға даулардан кейін орын алған салдарға қарай келісімшарттық міндеттемелерді бұзған кінәлі лауазымды тұлғаларды қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілікке тарту мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: