«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасында «Халықтық бақылау» жобасы талқыланды

2019 жылғы 13 Маусым
- Алматы қаласы
2229 просмотров

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан бойынша «Халықтық бақылауды» іске қосуды тапсырған болатын. Осыған орай Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы алаңында «Халықтық бақылау» жобасы аясында дөңгелек үстел отырысы өтті

«Бүгінгі таңда әлеуметтік маңызды мәселелердің бірі – азаматтарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту. Бұл жоба кәсіпорындағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды бақылауды күшейтуге арналған. Ол үшін компаниядағы «Халық бақылаушылары» ретінде мүмкіндігі шектеулі адамдар тартылады. Жоба аясында кәсіпорындардың өндірістік қауіпсіздігін күшейтетін боламыз. Бейнебақылау жүйесі арқылы олар кезектесіп зауыттың цехтарындағы орын алған оқиғаларға бақылау жасап, барлық қауіпсіздік техникасын бұзушылықтарды қадағалайды. Жұмыспен қамту саясатында инклюзивтілікті дамытамыз. Біздің басты мақсатымыз өлім мен жарақаттанудың нөлдік көрсеткіштеріне жету», – деп мәлімдеді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Вера Цзин.

Аталған бағдарлама бойынша Алматы қаласында жұмысқа орналастыратын жеке агенттік орталықтары бар. Алайда олардың көшлігі қатысуға аса ниет білдірмеуде. Сонымен қатар, бүгінгі таңда Алматыда тәжірбиесі жоқ жас мамандармен зейнет жасындағы тұлғаларды жұмысқа орналастыру қиыншылық туғызуда.

«Бұл жоба бойынша Алматы қаласының жұмыспен қамту мекемелері таныстырылды.  Жұмыспен қамту мақсатында, жеке агентік орталық ретінде екі оқу орнын тартуға тырыстық. Алайда өткен жылы бұл бағдарлама жоғары нәтиже көрсете алмады. Біз жеке агенттіктермен бірлесе отырып, бағдарламаға қосымша өзгерістермен қатар, жұмыс іздеушілердің категориясына қарай ақысын көтеруді сұрадық. Сонымен қатар, ізденушілерді жұмысқа орналастыру бойынша мониторинг мерзімін азайтуды да ескердік. Жеке агенттік жұмыс іздеушілерді бір жыл бойына бақылауда ұстап отыру керек болған, яғни ізденуші бір жұмыс орнында толықтай бір жыл уақыт жұмыс істеу керек. Сонымен қатар қазіргі таңда жас мамандар мен зейнет жасындағылардың жұмысқа орналасу мүмкіндігі төмендеу», – деп айтты «Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығы» КММ директорының орынбасары Нұржан Ауталиев. 

Шараға Алматы қаласының мемлекеттік мекемелері, қоғамдық бірлестіктер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, ассоциациялар,  мүгедектер қауымдастығы және кәсіпкерлер қатысты.

Бастамашылардың пікірінше, мүмкіндігі шектеулі адамдардың ішінен «Халық бақылаушыларын» өндірісте қашықтықтан жұмыс істеу үшін ғана емес, қалалардағы қауіпсіздік мониторингі үшін де тартуға болады. Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша 630 мың адам әртүрлі мүгедектік дәрежесі бар, оның ішінде 30% - дан аспайтыны ғана жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер