«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мұнай өнімдері туралы заңға енгізілген түзетулер заңсыз экспорт көлемін қысқартады

2019 жылғы 13 Маусым
2596 просмотров

ЕАЭО мемлекеттеріне мұнай өнімдерін экспорттау бойынша Қазақстанның мүмкіндіктері «Атамекен» ҚР ҰКП Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің отырысында талқыланды

ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың айтуынша, еліміздің Еуразиялық одаққа мүше-мемлекеттеріне экспорты Шетелге тасымалданатын мұнай өнімдеріне экспорттық кедендік баж мөлшерлемесін төмендету туралы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін бірден мүмкін болады.

 Қазақстан 2018 жылы Ресеймен екіжақты келісімге қол қойып, үшінші мемлекеттерге бензинді экспорттауға мүмкіндік алды.

 «Қол қойылған келісіммен қоса Ресейден Қазақстанға және Қазақстаннан Ресейге тасымалдауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізімі берілген. Қазақстан аумағынан ЕАЭО кедендік территориясынан тыс экспорттауға тыйым салынған мұнай өнімдері тізімінен бензинді алып тастауға қол жеткіздік. Қазіргі таңда ҚР Ұлттық экономика министрлігі тарапынан мұнай өнімдерінің жеңіл түрлеріне экспорттық кедендік баж салығы мөлшерлемесін төмендету туралы бұйрықты қабылдау күтілуде», – деді Әсет Мағауов.  

Өз кезегінде ҰКП Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің төрағасы Данияр Абылғазин аталған норма елдің экспорттық әлеуетіне оң әсер етіп, мұнай өнімдерінің заңсыз экспортын қысқартуға мүмкіндік береді деп атап өтті. Спикердің айтуынша, мұнай өнімдерінің түрлеріне қатысты (мәселен, газахол, бензахол, нефраз және т.б.) проблема бар, оларды кейбір тауар өндірушілер бензин және жанармай      ретінде экспорттауда. Мемлекеттік стандарттар мен экспорттық кедендік баждар түріндегі экономикалық әдістері – аталған мұнай өнімдерін экспорттауды реттеудің механизмі  болмақ.

 «Аталған норма салаға қажет болды. Бүгінде төмендетілген мөлшерлеме мұнай өнімдерінің артылғанын экспорттауға мүмкіндік береді. Мұнай өңдеу зауыттарына модернизациялау жасалған соң, мұнай өнімдері артығымен өндірілетін болды, осыған байланысты өңдеу көлемдері төмендеді. Министрлік белгілеген экспорт бойынша жоспар заңсыз экспортты қысқартып, бақылаусыз тасымалдау және ішкі нарықтағы жетіспеушілік факторларын болдырмауға көмектеседі», – деді Данияр Абылғазин.

Сондай-ақ, шикі мұнай және мұнай өнімдеріне экспорттық кедендік баж салығының мөлшерлемесін есептеуге өзгерістер енгізілді. 2019 жылдан бастап мұнай және дизель отынына экспорттық кедендік бажы мөлшерлемесін  Ресейдегі ұқсас әдіспен мұнай экспорттық кедендік бажы мөлшерлемесіне тікелей байланыстыру күшіне енген.

 Отырыс барысында ҚР Салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселесі көтерілді. Атап айтқанда, «Kazenergy» қауымдастығы 52 түзету ұсынды, оның ішінде 10 түзету мақұлданды.  

«Бірінші кезеңде біз 52 түзету ұсындық, оның ішінде 17 түзету енгізілді. Алайда, ҚР Ұлттық экономика министрлігі 10 түзетуді ғана қабылдады. Қазіргі таңда біз 7 түзету не себепті алынып тасталғаны туралы түсіндірме алу мақсатында  ҚР Ұлттық экономика министрлігіне хат дайындап жатырмыз», – деді «Kazenergy» қауымдастығының Қаржы-экономикалық талдау департаменті директоры-Басқарушы директор Нұрлан Жанекенов.

Бұдан бөлек, күтілетін өзгерістер техногендік суды айдап шығару және өндірістік қажеттіліктер үшін қабаттағы суды пайдалану кезінде пайдалы қазбаларды өндіру салығы мәселелері бойынша жер қойнауын пайдаланушыларға қосымша қаржы міндеттемелерін жүктейтін болады. Қазіргі таңда заң жобасы ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің қарауына жіберілді.

 Бензин және газды тасымалдаушы жүк көліктеріне түсетін осьтік жүктеме мәселесі шешілді. Осыған дейін қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес осьқа түсетін салмағы 1 тоннадан асатын, бөлінетін жүкті көлік құралдарымен тасымалдауға тыйым салынған болатын. Мәселені шешу үшін Қазақстан жанармай қауымдастығы бензин және газды тасымалдайтын жүк көліктерін өлшерде әр осьқа түсетін массаны емес жалпы салмақты есептеуді ұсынды. Алайда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары тасымалдау бойынша талаптарды қатаңдатып, жүк түріне қарамастан көлік құралдарына арнайы рұқсат қағаздарын беруге тыйым салуды ұсынды.  

 «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Евгений Больгерт аталған мәселе бойынша Қауымдастық және Ұлттық палата Мәжіліс депутаттарымен бірнеше рет кезедсу өткізгенін айтты. Жұмыс қорытындысы нәтижесінде цистерналар арқылы сұйық жүктерді тасымалдаушыларға арнайы рұқсатты беруді сақтап қалуға мүмкіндік жасалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер