«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мал шаруашылығын субсидиялауға өтінім беру мерзімі ұзартылды – Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы

2019 жылғы 13 Маусым
- Қостанай облысы
5673 просмотров

Осыған дейін мал шаруашылығын субсидиялау үшін шаруаларға құжаттарды рәсімдеу жұмыстарына  небәрі 6 ай берілетін, енді бұл мерзім бір жылға дейін ұзартылды

Бұл өзгерістер қостанайлық шаруалар үшін жақсы жаңалық болды, өйткені олар «QOLDAU» порталының олқылықтары салдарынан субсидиялаусыз қала жаздаған.

«Осы жылдың сәуір, мамыр айларында Кәсіпкерлер палатасына мал басын қазан-қараша айларында сатып алған бизнес субъектілерінен өтінім келіп түсті. Олар техникалық себептерге байланысты «QOLDAU» порталы арқылы субсидиялауға өтінім бере алмаған, ал өтінім беру мерзімі аяқталуға жақын қалған еді. Қазір проблема шешілді, өйткені Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығын өнімі өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау ережесіне енгізілген түзетулерге сәйкес субсидияға өтінімді мал алынғаннан кейін бір жыл ішінде беруге болады», – деп түсіндірді Қостанай облысы ӨКП АӨК бөлімінің бастығы Қайыр Айсин.

Естеріңізге салсақ, агроөнеркәсіп кешенінің барлық субсидиялары «QOLDAU» арнайы порталы арқылы онлайн-режимде рәсімделеді. Енді шаруаларға құжаттармен аудан орталығы немесе қалаға барудың керегі жоқ, интернет, электронды цифрлық қолтаңба мен компьютердің болғаны жеткілікті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер