Тимур Құлыбаев президент сайлауында дауыс берді
«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев мемлекет басшысы сайлауында дауыс берді
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Тимур Құлыбаев жұбайы Динара Құлыбаевамен бірге Алматы қаласындағы №310 сайлау учаскесінде дауыс беру құқығын пайдаланды. Сайлау учаскесі медициналық емханалардың бірінде орналасқан, учаскеге дауыс беру мақсатында ем қабылдап жатқан науқастар да келді.
Комиссия мүшесі қолынан сайлау бюллетенін алып, дауыс беруге арналған шымылдықтың ар жағында өз таңдаун белгілеген Тимур Құлыбаев бюллетеньді арнайы жәшікке салды.
Бүгін 9 маусымда Қазақстан Республикасы президентін сайлау науқаны өтуде. Ел ауқымында және шет елдерде 9 968 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: