«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының өкілдері Сингапур-Қытай бизнес-қауымдастығының делегациясымен кездесті

2019 жылғы 08 Маусым
- Алматы қаласы
1988 просмотров

Алматы қаласы кәсіпкерлар палатасы алаңында Сингапур-Қытай бизнес-қауымдастығы делегациясымен кездесу өтті. Кездесу барысында екі жақты меморандум, кәсіпкерлік байланыс орнату және туризм мәселелері талқыланды.  

«Қазақстанға келудегі мақсатымыз Қазақстан және Қытай арасындағы «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы қарым-қатынасты нығайту. Алдағы уақытта Қазақстанмен бірлесе жұмыстар атқарып,  Қазақстан және Қытай арасындағы тауар айналымды тиісінше жан-жаққа тарату жоспарымызда бар. Алдағы уақытта жоспарға сәйкес көптеген жұмыстарды бірлесе атқарамыз деген сенімдеміз. Қазақстандық өнімдер өтті сапалы, құнды және таза тауарлардың қатарында. Біз Қазақстан өнімдерін Сингапур еліне тасымалдауды жоспарлап отырмыз. Тек Сингапур мемлекетіне ғана емес Орта Азия елдеріне де таратсақ деген ойдамыз. Осылайша қолға алынған жұмыстар оң нәтижелерін береді деген сенімдеміз», – деп келу себебін түсіндірді Сингапур-Қытай бизнес қауымдастығының президенті Жамес Оу Шин мырза.

Сингапур-Қытай бизнес қауымдастығы  1970 жылдары құрылған, қазіргі уақытта 500-ге жуық мүшесі бар, ауқымды мекеме қатарында. Аталмыш мекеме Сингапур-Қытай мемлекетінде бизнес мүмкіндіктерді дамыту мақсатында қызметтер атқарады. Алдағы уақытта екі жақты келісім орнатып, бірлесіп жұмыс жүргізу мәселелері қаралатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер