«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау бойынша заң жобасын қайта қарауға кірісті

2019 жылғы 07 Маусым
6343 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына азаматтық заңнаманы жетілдіру және ағылшын және еуропалық құқық қағидаттары мен ережелерін қолдану негізінде кәсіпкерлік қызметтің жағдайын жақсарту мәселелері жөнінде заң жобасы екінші қайтара келіп түсті

Заң жобасы  қоғамдық қатынастарға қолданылатын императивті нормалардың санын қысқарту және қалпына келтірудің азаматтық-құқықтық принципін кеңейтуге бағытталған. Бұған қоса халықаралық тәжірибені зерттеу негізінде ағылшын және еуропалық құқықтың: эстопель, эскроу, фрустрация институтын, опцион, индемнити, растама институты, агенттік және абоненттік келісімшарттары сынды кейбір элементтерінің ережелері мен қағидаттарын ұлттық заңнамаға енгізу ұсынылды. Сондай-ақ инвестициялық заңнаманың тұрақтылығы қарастырылуда.

Заң жобасымен танысуды ұсынамыз, егер заң жобасына қатысты ұсыныстар және/немесе ескертпелеріңіз болса, ақпаратты a.abdullina@atameken.kz  электронды поштасына жолдауды немесе мына телефон номеріне хабарласуды сұраймыз:  8 (71712) 919 355

 Заң жобасының мәтіні мына сілтемеде


Еншілес ұйымдар

Серіктестер