«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жоғарғы Сот ветеринарлық препараттарды импорттауға қатысты іске нүкте қойды

2019 жылғы 06 Маусым
3129 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері «ALUA PHARMA» ЖШС ісі бойынша ҚР Жоғарғы Сотында өткен сот отырысына қатысты

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер депатраменті арасындағы дау сот қарауына себеп болды.

Тауарларды кедендік тазалау кезінде Жауапкершілігі шектеулі серіктестік импорттық өнімге қосылған құн салығын төлеуден босатылған.

Осы ретте кедендік орган тексеру жүргізу нәтижесінде Серіктестік Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринария саласында өкілетті органы берген құжаттары дұрыс бермеді деп шешім шығарған. Осыған байланысты кедендік орган Серіктестікке ҚҚС төлеуден босатылуын заңсыз деп танып, 896 433 теңге сомасында қосымша салық салып, 664 729 теңге көлемінде өсімақы белгілеген.

 Кеденшілердің пікірінше, кәсіпкер Денсаулық сақтау министрлігінен мақұлдау алу керек болған.

Өз кезегінде Серіктестік кедендік органның шешімін заңсыз деп танып, хабарламаға сот тәртібінде шағым түсірді.

 Бірінші инстанциялы сот және апелляциялық сот   «ALUA PHARMA» ЖШС талап арызын қанағаттандырмады.

 Осыған байланысты кәсіпкер ҚР Жоғарғы Соты Төрағасына сот актілерін қайта қарауға ұсыныс беру туралы өтінішхатпен жүгінді. Аталған өтінішхат қанағаттандырылды.

Өз кезегінде ҚР Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Жоғарғы Сот Төрағасы қарауына келіп түскен аталған істі қарап, Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың 27.02.2018 жылғы шешімін және Алматы қалалық соты азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 30.05.2018 жылғы қаулысының күшін жойып, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті анықтаған бұзышылықтарды алып тастау туралы хабарламаны алып тастап, жаңа шешім шығарды.

 ҚР Жоғарғы Соты азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысында «Серіктестік елге ветеринарлық препараттарды кіргізу бойынша заңмен бекітілген міндетті процедураларды орындаған, қажетті құжаттар тізбесі алынған және кедендік органға берілген. Сондықтан тауарларды кедендік тазалау кезінде Серіктестікті импортқа салынатын ҚҚС төлеуден босату құқығы негізді берілген» делінген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер