Отандық тауар өндірушілер өз тауарларын Моңғолияда өткен сауда-экономикалық миссияда таныстырды
4 маусым күні Ұлан-Батор қаласында қазақстандық кәсіпкерлердің сауда-экономикалық миссиясы өтті
Іс-шараны қазақстандық тараптан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы, Моңғолия тарапынан Моңғолияның ұлттық сауда-өнеркәсіптік палатасы ұйымдастырды.
Сауда миссиясында Қазақстан және Моңғолияның ірі және орта компанияларының 120-дан астам өкілі қатысты. Миссия барысында Қазақстанның экспорттық және инвестициялық мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ Қазақстан мен Моңғолияның сауда-экономикалық әріптестігін ары қарай ілгерілетудің келешегі мен ынтымқастықтың артықшылықтары жайында ақпарат тыңдалды. Ресми делегацияны Моңғолияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасының президенті О.Амартувшин, ҚР-дың Моңғолиядағы Елшісі К.Қобландин, Моңғолия Сыртқы істер министрлігі Сыртқы сауда және экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры О.Амартувшин, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Н.Бөкейханов және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Экспортты дамыту және ілгерілету жөніндегі департамент басқарамасы жетекшісінің м.а Р.Оразалиев бастап барды.
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Н.Бөкейхановтың айтуынша, Қазақстан Республикасында қолайлы экспорттық және инвестициялық жағдай жасалған. Ынтымақтастықтың келешекті салалары транзит, машина жасау, энергетика, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсібі болмақ.
Осы ретте Моңғолияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасының президенті О.Амартувшин 2018 жыл ішінде Қазақстан және Моңғолия арасындағы тауар айналымның көлемі шамамен 74 млн АҚШ долларын құрағанын алға тартты. Болашақта бұл көрсеткіш тығыз кооперацияны жолға қоюмен жалғаспақ.
Сауда-экономикалық миссия алаңында В2В форматында экономиканың түрлі бағытында: құрылыс, энергетика, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, машина жасау салаларында келіссөздер жүргізілді
Бұдан бөлек бүгін моңғол сатып алышалар, трейдерлер, сауда желілері және жергілікті Мэрия өкілдерімен Ұлан-Батор қаласында көшпелі кездесулер жоспарланған.
Аталған кездесулер қолданыстағы коммерциялық келісімдерді жүзеге асыру бойынша жұмысты нығайту және басымдыққа ие бағыттарды дамытуда жаңа байланыстарды орнатуға мүмкіндік береді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: