«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

7 маусымда Алакөл жағалауында жазғы маусымның ашылуы өтеді

2019 жылғы 04 Маусым
- Жетісу облысы
3903 просмотров

Алматы облысы Алакөл ауданы Ақши ауылындағы «Alakol resort» демалыс аймағында жазғы туристік маусымға дайындыққа қатысты кеңейтілген жиналыс өтеді

Жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, «Атамекен» ҰКП өкілдері, облыстық басқармалар және департаменттердің жетекшілері, Алакөл ауданының әкімдігі, «Жоңғар Алатау» мемлекеттік ұлттық паркі, туристік фирмалар, жағалаудағы орналастыру орындары, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Іс-шара шеңберінде орналастыру объектілеріндегі сапа мен сервис, логистиканы ұйымдастыру және қауіпсіздікті қаматамасыз ету мәселелері талқыланады. Кездесу қатысушыларына арнап 2019-2025 жылдарға Туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Алакөл жағалауын дамыту мастер-жоспары және Туристік полиция жұмысы таныстырылады.

 6 маусым күні «Alakol resort» демалыс аймағының базасында Алакөл ауданының қабылдау-өткізу мекемелерінде көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту мақсатында аудандар мен демалыс орталықтарының топ-менеджерлеріне арнап семинар-тренинг ұйымдастырылады.

 Сонымен қатар 7-8 маусым аралығында Алакөл жағалауында орналасқан демалыс аймақтары мен базалары бойынша ақпараттық тур өткізу жоспарланған.

Шаралардың ұйымдастырушысы - Алматы облысының Туризм басқармасы.

 Жиналыс бағдарламасы

Ақпараттық тур бағдарламасы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер