«Бизнеске арналған үкімет»: ашық, қолжетімді, ыңғайлы
Шымкенттік бизнесмендерге инвесторлар және кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай орталығы таныстырылды
Шымкент қаласындағы «Бизнеске арналған үкімет» алғашқы бірыңғай орталығы, онда «бір терезе» қағидатымен барлық қызмет түрлері бойынша қызмет көрсетіледі. Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы және «SHYMKENT» ӘКК» АҚ-тың бастамасымен ұйымдастырылған жобаның таныстырылымына «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев, мемлекеттік басқармалар, қаржы институттары, инвестициялық компаниялар өкілдері және қала кәсіпкерлері қатысты.
Жоба мақсаты – мемлекеттік қолдау шараларын және мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша орталықтандыру жайында таныстырылым барасында Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабіштаев айтты. Оның айтуынша, Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы, «SHYMKENT» ӘКК» АҚ, «Даму» қоры, ХҚКО менеджерлері және мемлекеттік органдардың қызметкерлері енді бір жерде қызмет көрсетеді, бұл кәсіпкерлер үшін ыңғайлы болмақ.
«Бизнес өкілдеріне мемлекеттік органдарға барып, табалдырық тоздырып жүрудің қажеті жоқ. Біз барлық қызметтерді шоғырландырып, құрамына мемлекеттік бағдарламалардың барлық операторлары, қаржы институттары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері енген басқарушы органды құрдық. «Бизнеске арналған үкімет» кәсіпкерлер үшін, сөззсіз тиімді, бұл жерде барлық қажетті қызметтер, консультациялар мен жобаларға сүйемелдеу көрсетіледі», – деп атап өтті Нұрлан Қабіштаев.
«Бизнеске арналған үкіметті» сапалы қызмет көрсету мақсатында өз басқаруына Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы алып отыр. Оның үстіне «Атамекен» ҚР ҰКП бизнеске қызмет көрсетуде үлкен тәжірибесі бар ұйым.
«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев «Бизнеске арналған үкімет» – бұл сұранысқа ие бизнес-құрауыштарын нақты әрі қисынды құрылымдаудың үлгісі, деп атап өтті.
«Барлық қызметтерді бір арнада шоғырландыру арқылы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнеске арналған қаржылай қолдау шаралардың барлығының тиміділігіне талдау мен мониторинг жүргізіп, сондай-ақ, бизнесті жүргізу жағдайды жақсарту бойынша заңнамалық актілерге ұсыныстар топтамасын қалыптастыра алады», – деді Олжас Ордабаев.
Ары қарай Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабіштаев «Бизнеске арналған үкімет» залдарын таныстырып, мамандандырылған аймақтардың функцияларын түсіндіріп өтті. Жалпы 6 аймақ бар:
Мемлекеттік қызметтер аймағы. Мында мемлекеттік қызметтерді қалалық басқармалар: Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы, Жер қатынастары басқармасы, Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы, Сәулет және қала құрылысы басқармасы ұсынады.
Өткізу аймағында кәсіпкерлерге шығарылатын тауар-қызмет түрін алға жылжыту, маркетингтік зерттеу, бухгалтерлік сүйемелдеу, мемлекеттік сатып алулар бойынша консультациялар, CT KZ сертификатын беру бойынша қызметтер көрсетіледі.
Қаржыландыру аймағында – қаржы ұйымдары мен даму институттарының қызметтері ұсынылады. Қызметті ӨКП Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, екінші деңгейлі банктер, «Даму» қорының менеджерлері көрсетеді.
Құқықтық сүйемелдеу аймағында – бизнестің құқығы және заңды мүдделерін қорғау, сонымен қатар дауларды сотқа дейін шешу бойынша қызмет көрсетіледі. Кәсіпкерлерге әділет департаменті, мемлекеттік кірістер басқармасы, мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау басқармасы, жер қатынастары басқармасы өкілдері кеңес береді. Бұл аймақта заңсыз тексерулерді, шағын және орта кәсіпкерлік қызметіне (ағымдағы қызметке басып кіру) жасалған кедергілерді жоюға бағытталған «жедел шақыру» қызметі жұмыс істейді.
Біліктілік аймағында – өңір тұрғындары, бастауыш кәсіпкерлер «Бизнес мектеп» жобасы аясында бизнес негіздері бойынша қысқа мерзімді курстарға жазылып, оқи алады. Сонымен қатар Жұмыспен қамту орталығының қызметтері беріледі.
Цифрлық қызметтер аймағында – кәсіпкерлер өздігінен онлайн режимде мемлекеттік қызметтер және «Atamekenservices» порталы арқылы бизнес-қызметтерді ала алады.
Бизнес-Супермаркет – бұл Шымкент қаласынын 2019-2021 жылдарға арналған «Мен кәсіпкер боламын!» жастар және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасы шеңберінде кеңес беру мен өтінімдерді қабыладу, соның ішінде жылдық 1 пайызбен жеңілдікпен несиелеу; 1 млн теңгеге дейін франшизаны сатып алуға кеткен шығындарды өтеу; көше сауда және қызметтер объхектілерін орналастыруға жер телімдерін беру; қалада электронды коммерцияны дамытуға көмектесу.
«Атамекен» ҚР ҰКП-ның «Бизнеске арналған үкімет» жобасы ел өңірлерінің барлығында құрыла бастады. Қазіргі таңда мұндай орталықтар Алматы облысы және Маңғыстау облысында жұмыс істеп жатыр.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: