«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан целлюлоза-қағаз саласының келешегі қандай?

2019 жылғы 29 Мамыр
6000 просмотров

Целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің трендтері және даму мәселелерің қайта өңдеу саласының мамандары «Қазақстан Республикасында целлюлоза-қағаз өнеркәсібі және қаптама индустриясын дамыту» І форумы барсында талқылады

Бүгінде қағаз және қағаз өнімдерін өндіру саласында 300-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді, ал сала экономикасы жылдан жылға өсіп келеді. 2018 жылы өндірістің көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 5%-ға артып, 52 млрд-тан астам теңгені құрады. 2019 жылдың төрт айы ішінде өндіріс көлемі 21 млрд теңгені құрады, бұл 106%  мөлшерінде оң серпінді көрсетіп отыр.

«Бүгінде қағаз-целлюлоза өнеркәсібі – орман шаруашылығының жетекші салаларының бірі, ол целлюлоза, қағаз және қағаз-картон өнімдерін алу технологиялық процестерін біріктіреді. Алайда, елдегі орман секторының экономикалық әлеуеті пайдаланылмай келеді. Орман секторын дамытуда целлюлоза-қағаз өнеркәсібі шешуші рөл атқарады. Тек целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің комбинаттары ағаштың бүкіл биомассасын өндіріске қосып, жоғары қосылған құны бар өнімдерді шығарып отыр», – деді Жансейіт Түймебаев.

 Жыл басында Қазақстанда қайта өңдеуге жарайтын қағаз, картон, макулатура және қалдықтарды сыртқа шығаруға 2 жылға тыйым салынғанын айта кетелік. Кәсіпкерлердің айтуынша, аталған түзету кәсіпорындардың жүктелуін арттыруға жол ашты.

 «Мемлекетке алғыс білдіреміз, өйткені осыған дейін шикізат көрші елдерге жіберілетін еді. Тыйым арқылы компаниямыз өзінің нарығын қамтамасыз етіп, сонымен қатар аз мөлшерде Орта Азияға экспорттауды бастады. Біздің кәсіпорын өндірудің толық циклына ие: шикізаттан бастап, қағаз өнімдері, картон шығарады. Қағаз және қаптаманы өндіру энергияны көп қажет ететін, қымбат процесс. Осы ретте логистика шығындары мен білікті мамандардың, соның ішінде дәнекерлеушілер, монтерлар тапшылығы мәселеге айналды», – деді «Компания-В» ЖШС директоры Вадим Долгополов.

Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Қуаныш Бишімов сала дамуындағы екінші саты – экспорттық әлеуетті дамыту деп атап өтті.

«Салада өсу серпіні бар, біз өсудің айтарлықтай болуын қалаймыз. Макулатураны сыртқа шығаруға тыйым ел ішінде целлюлоза өндірісін жолға қоюға негіз болды. Қазіргі таңда қағаз өнімі экспортының 20 млн АҚШ доллары өнім импортының 400 млн АҚШ долларына сәйкес келеді. Бұл жаңа кәсіпорындарды ашу, жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды модернизациялау үшін әлеует. Қазіргі таңда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы импортты алмастыру жөніндегі ірі жер қойнауын пайдаланушылармен, «Самұрық-Қазына» қорымен тығыз ынтымақтастық құрған. Осы бағытта біз көмектесіп, жан-жақты қолдау беруге дайынбыз», – деді Қуаныш Бишімов.

Бұдан бөлек Қазақстан целлюлозаны техникалық кендірден өндіруді бастады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Байытовтың айтуынша, целлюлозаны алуға ағашты пайдалану үшін ағаштардың өсуін 25 жыл күту керек, ал кендір 100 күнде өсіп шығады.

«Бүгінде кәсіпорындарымыз сырттан тасымалданатын шикізат және макулатурамен жұмыс істейді, ал техникалық кендір шикізат көлемін арттыра алады. 2018 жылы жапон зертханаларында техникалық кендірден целлюлозаны алуға мүмкіндік жасалды. Қазір біз кендірді егіп, үнемділік және мақсаттылығы тұрғысынан сынап жатырмыз», – деді Қанат Байытов.

«ҚР қаптамашылары қауымдастығының» базасында дизайнерлік және қамтамалық әзірлемелердің орталығын құру жоспарланған. Қауымдастықтың директоры Батырбек Әубәкіровтың атуынша, ол кәсіпкерлерге арнап ребрендинг өткізіп, сондай-қа экспорттық өнімге арналған түбегейлі жаңа қаптаманы жасауға көмектесе алады.  

 Естеріңізге салсақ, Форум тамақ, өңдеу және қаптама индустриясы саласында шетелдік және отандық мамандардың кездесу орнына айналған «Азық-түлік өнімдері, ингредиенттер, қаптама және тамақ өнеркәсібіне арналған жабдық» («InterFood Astana») 21-ші қазақстандық халықаралық көрмесі  аясында өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер