Тәртіп жоқ жерде талап дәрменсіз
Анық тәртіптің болмауы кәсіпкерлердің құқықтық тұрғыдағы мәселелерін шешуге кедергі болуда.
Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Бас прокуратурасының ұйымдастыруымен өткен бейнеконференцияда ҚР ҰКП кәсіпкерлер құқығын қорғау департаментінің директоры Олег Савеленко мәлімдеді.
Мәселен, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары аумақтарға құрылыс салу тәртібі, ал, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарында жасыл көшеттерді қорғау тәртібі болмай шықты. Павлодар, Батыс Қазақстан облысы мен Оңтүстік Қазақстан және Талдықорған қаласында қаланы көріктендіру, аумақта тазалық жұмыстарының тәртібі жасалмаған. Астана қаласында сыртқы жарнаманы орналастырудың тәртібі туралы ереже жоқ.
«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік палаталар мен жауапты мемлекеттік органдарға сауал жолдады»,- деді О. Савеленко.
Оның пікірінше, құқықтық тұрғыдағы мұндай ережелердің болмауы сыбайлас жемқорлықтың орын алуына және кәсіпкерлікті дамытуға кедергі болады.
Осыған орай, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы еліміздің Бас прокуратурасына жоғарыда көрсетілген жағдайларға байланысты тексеру жүргізуді қарастырып, оның нәтижесі бойынша заң бұзушылықты жою жөнінде ұйғарым жасауды ұсынды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: