«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Банкроттық туралы заң жобасы бизнестің пікірін ескере отырып қайта қаралады

2019 жылғы 29 Мамыр
2246 просмотров

Банкроттық туралы заң жобасы «Атамекен» ҰКП және бизнес-қоғамдастықтың пікірін ескере отырып, екінші оқылымда толықтырылатын болады

Осындай тапсырманы ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин айтты.

 Атап айтқанда, Мәжіліс отырысында заң жобасына «Жалған банкроттық» атты баптың орнына «Алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы кредиторларға мүліктік залал келтіру» атты жаңа бап енгізу туралы мәселе көтерілді. Заң жобаны әзірлеушілер (ҚР Қаржы министрлігі)  әдейі банкроттық және төлеуге қабілетсіздікке дейін жеткізуге қатысты баптарды қаржылық ұйымдарына қолдану үшін ғана қалдыруды ұсынады. 

 Нұрлан Нығматуллиннің пікірінше, бұл түзетулер кәсіпкерлікті жүргізу негіздеріне нұқсан келтіреді. Қолданыстағы заңға сәйкес ЖШС және АҚ қатысушылары кредиторлар алдында жарғылық капиталға салған жарналары шегінде ғана жауапты. Дәл осы норма бизнес дамуына бос қаражатты инвестициялауға мүмкіндік беріп отыр.

 «Ұсынылып отырған норма енгізілсе, онда адамдар бизнеспен айналасуға қорқатын болады. Өйткені олар жарғылық капиталға салған қаражаттарын ғана емес, бүкіл мүлігін жоғалта алатын тәуекелдің барын біледі... Бизнеске қолайлы жағдай жасаудың орнына, сіздер оған кедергі келтіріп, жабылуына барын салып отырсыздар», – деді Нұрлан Нығматуллин Қаржы министрлігі өкілдеріне назар аударып.

 Мәселеге пікірін білдіре отырып, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Алена Романова  заң жобасының жоғарыда аталған нормаларына қатысты Ұлттық кәсіпкерлер палатасы теріс сарапшылық қорытынды шығарғанын атап өтті.

 «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл заң жобаның бизнес үшін тәуекелдері жоғары екенін жеткізді. Осы ретте кәсіпкерлерге мүмкін болатын теріс салдарға қатысты өзіміздің ресми позициямызды Мемлекеттік органға екі мәрте: былтыр ведоствоаралық комиссия отырысында заң жобаның тұжырымын қарау барысында, сондай-ақ биыл ақпан айында Мәжілісте өткен дөңгелек үстел барысында бағыттаған болатынбыз. Екінші оқылымда уәкілетті орган кәсіпкерлердің пікірін назарға алады деген ойдамын», – деп мәлімдеді Алена Романова.

 Мәжіліс төрағасы қолданыстағы редакцияны қалдыруды (құрылтайшының өз кәсіпорнының қарыздары бойынша материалдық жауапкершілігі егер сот кәсiпорынның саналы банкроттығын анықтаса және кредиторлардың құқықтарын бұзған жағдайда ғана орын алады) және аталған норманы «Атамекен» ҰКП пікірін ескере отырып, жетілдіруді ұсынды.

 Жалпы алғанда заң жобасы бизнес субектілері үшін оңалту және банкроттық деп тану процедураларын қолдануды оңтайландыруға бағытталған. Бизнес субъектілерінің оңлату және банкроттықты қолданудағы негізді өзгерту көзделген. Кредиторлар жиынының бірқатар өкілеттігін анағұрлым мобильді кредиторлар комитетіне беру арқылы банкроттықты тану процедураларын жүргізу мерзімі қысқартылады. Ал ұзақ уақыт бойы әрекетсіз жатқан борышкерлерді банкроттық процедурасын қозғамай тарату ұсынылуда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер