Түркістанда жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті
Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтың төрағалығымен Жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті
Жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссияның жұмысы мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамтуды бақылауды қамтамасыз етуге және мониторинг жүргізуге, отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен қызметтерді отандық жеткізушілерге қолдау көрсетуге бағытталған.
«Баршаға мәлім облыста құрылыс көлемі ұлғаюда. Құрылыс материалдарына сұраныс өсуде. Әрбір сатып алуды, нысанды мұхият зерделейтін боламыз. Біз бір команда болып біргіп жұмыс жасауымыз керек», – деп атап өтті Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Әбсаттаров.
Кездесуде Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік сатып алудағы ағымдағы жағдай туралы мәселелер талқыланды.
Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша 2019 жылға арналған сатып алу жоспары – 275 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде жұмыстар -167 млрд. теңге, тауарлар – 27,2 млрд теңге, қызметтер – 80,8 млрд. теңге.
Комиссия жұмысының бекітілген регламентіне сәйкес мониторингке негізгі 4 бағыт кіреді: тамақ өнеркәсібі (992 064 885 тг), жиһаз өнеркәсібі (59 882 338 тг), жеңіл өнеркәсіп (16 301 609 тг), құрылыс материалдары (124 221 055 тг). Жалпы сомасы 1 192 469 887 тг. құрауда.
Қазіргі таңда Түркістан облысында жалпы құны 65,7 млрд теңге болатын 148 құрылыс нысаны бар.
Сондай-ақ, кездесуде мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі барысында анықталған проблемалық мәселелер талқыланды.
Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жомарт Махмұттың айтуынша, мемлекеттік сатып алу веб-порталында электрондық актіні толтыру кезінде өнім берушілер жергілікті қамту үлесін көрсетпейді. Осы себепті сатып алудың жергілікті қамту үлесі дұрыс есептелмеуде.
Жалпы жиында қорытындылай келе, комиссия төрағасы Мейіржан Мырзалиев жергілікті тауар өндірушілер үшін алдағы жұмыстың маңыздылығын және Комиссия мүшелерінің кәсіпкерлер алдындағы жоғары жауапкершілігін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысының жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссиясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмасы бойынша өңірлік деңгейде жергілікті қамтуды бақылау мақсатында құрылған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: